Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-ші Халықаралық Bioscience and Biotechnology (BIOTECH 2019) Халықаралық конференциясына Co-Hosting Partner ретінде қатысты

24.02.2019

Көрулер: 2112

Профессор Болатхан Қазыханұлы Заядан 21-22 ақпан аралығында Малайзияның Куала Лумпур қаласында өткен 4-ші Халықаралық Bioscience and Biotechnology (BIOTECH 2019) Халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, "Фототрофты микроорганизмдерден Биоэнергия алудың келешегі" тақырыбында баяндама жасады.

Әлемнің өркениетті 15 елінен ғалымдар қатысқан бұл конференцияда молекулалық биология, өсімдіктер биотеxнологиясы, экологиялық биотеxнология, тағамдық биотеxнология және Биоэнергетиканың қазіргі өзекті мәселері талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бұл конференцияның ұйымдастыруға Co-Hosting Partner ретінде қатысты. Конференцияда Ректорымыз ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Ғ.М.Мұтановтың құттықтау сөзі және университетіміз бен биология және биотеxнология Факультетінің жетістіктері жайында қысқаша презентация жасалды.

BioTech 2019 зерттеушілерге, ғалымдарға, ЖОО оқытушыларына және салалық эксперттерге өзара тәжірибе алмасуға, зерттеу нәтижелерін талқылауға және көптеген нетворкингмүмкіндіктерін пайдалана отырып осы саладағы қажетті білімге қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын ғаламдық платформа құруға ұмтылады.

Конференция жайлы толығырақ: https://bioscienceconference.com/

@Б.Заядан, @А.Мелдебекова