«Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «Зиян әдеттер» тақырыбындағы іс-шара

24.11.2017

Көрулер: 3683

24 қараша (16.30 сағ.) және 5 желтоқсан (15.00 сағ.)  2017 жылы Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1, 2, 4  курс студенттері  «Салауатты өмір салтын ұстану» бағдарламасы аясында «Зиян әдеттер» тақырыбында дискуссиялық алаң өткізді.

Шараны өткізу мақсаты: диалогтық алаңда студенттерге салауатты өмір салтын дәріптеу.

Іс-шара барысында Тулебаева Дамеля және Рахатқызы Ақбота  студенттерге «Зиян әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері» тақырыбында презентация көрсетіп, баяндама жасады. Баяндамада ішімдік, темекі, нашақорлық және олардың қауыптілігі жайлы айтылды. Содан кейін, олар студенттерге зиян әдеттердің тізімін жалғастыруды ұсынды. Студенттер басқа да зиян әдеттерді тізімге қосып, оларды сипаттады. Заманауи        адамның денсаулығына әсер ететін көптеген зиян әдеттер бар екендігі анықталды: ойынқұмарлық, компьютер, жұйелі телефондар, фаст-фуд, күн тәртібінің бұзылуы, кофе, шәй артық мөлшерде ішу, т.б.  Студенттер жарыса зиян әдеттерді тізіп, олардың организмге әкелетін әсерін сипаттады, проблемалардың шешу жолдарын ұсынды. Барлық студенттер белсенді қатысты.  Іс-шара көңілді және қызықты өтті.

Өткізілген орын мен уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 408 аудитория, сағат 15.00. 

Ұйымдастырушы  оқытушылар: х.ғ.д., профессор   Шоинбекова С.А., б.ғ.к., доцент    Асрандина С.Ш., б.ғ.д., профессор   Атабаева С.Д., кафедра менгерушісі, б.ғ.к., доцент Кистаубаева А.С.