Жаңалықтар

ЭСТАФЕТА НӘТИЖЕЛЕРІ

15.02.2021

🔸️Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналып өткізілген эстафета жарысы 4 - 14 ақпан аралығында өтті. Жалпы саны-8 қатысушы өз өнерлерін көрсеткен болатын. Эстафета нәтижесі дауыс беру арқылы анықталды. Енді көптен күткен нәтижемізді шығарайық 🤗⬇️

 

🔸️ 1️⃣-орын. АМАНГЕЛДІ ГҮЛШАТ биология мамандығы 3 курс

🔸️2️⃣-орын. АЗАТОВА КАМИЛАМ биология мамандығы 2 курс

🔸️3️⃣-орын. ЕРБОЛҚЫЗЫ АЛТЫНАЙ биология мамандығы 2 курс

 

💠 Қатысқаны үшін:

ДӘУРЕНБЕКОВА АРАЙЛЫМ биология мамандығы 2 курс 🏅

КОЖАХМЕТОВА ДИАНА биология мамандығы 2 курс🏅

АБДЫХАЛЫК БАҒДАШ биология мамандығы 1 курс🏅

АЛТИНБОЕВ ЭЛАМОН биология мамандығы 1 курс🏅

СЛАМБЕК АРУЖАН биология мамандығы 1 курс 🏅 алғыс білдіреміз!🙌

 

🔺️ Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын!😍

Алдағы өмірлеріңізде жетістіктер көп болсын!✅

Ары қарай оқу >>

Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысы

13.02.2021

Конференцияның пленарлық отырысы екі кезеңде өтті. Пленарлық отырыстың бірінші бөлімі аясында Қазақстандағы экологиялық биотехнологияның дамуына зор үлес қосқан отандық ғалымдардың 9 баяндамасы тыңдалды. Атап айтқанда, белгілі ғылым докторлары, профессорлар Жұбанова А.А., Мансұров З. А., Саданов А. К., Жамбакин К. Ж., Бисенбаев А. К., Қанаев А. Т., Нұржанова А. А., Абжалелов А. Б., Биғалиев А. Б.

Пленарлық отырыстың екінші бөлімінде шетелдік қатысушылардың 7 баяндамасы тыңдалды.

Қатысушылардың кең географиясы конференция тақырыбының және оның аясында қарастырылатын мәселелердің өзектілігін растайды. Аталған конференция келесідей екі секция шеңберінде біріктірілген мәселелердің кең ауқымы бойынша әлемдегі биотехнологиялық трендтердің қорытындысын шығаруға мүмкіндік берді:

* Қоршаған орта биотехнологиясының аспектілері, инновациялары мен жетістіктері

* Биоэнергетиканың инновациялары мен жетістіктері.

Конференция аясында негізгі тақырыптардың ішінде мынадай мәселелер талқыланды: Еуропа және Азия өңірлерінде табиғатты қорғау мен биоэнергетиканы реттеуді дамыту тәжірибесі; 21 ғасырдағы экологиялық проблемалардың жаһандануы және ықтимал жауаптарды іздеу. 

 

Ары қарай оқу >>

"Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

13.02.2021

 

2021 жылғы 12 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты және Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Заядан Болатхан Қазыханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған "Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы әл Фараби кітапханасы ғимаратында гибридті форматта өткізілді.

Осы іс — шараны дайындау барысында Қазақстан, Германия, Ресей, Пәкістан, Польша, Түркия, Франция, Қытай және Өзбекстан секілді 8 елдің 66 ұйымынан 100-ден астам өтінім келіп түсті, олардың ішінен конкурстық іріктеу мен рецензиялаудан 83 мақала өтті, олардың негізінде 296 бет көлеміндегі тезистер жинағы жарияланды.

Конференцияның пленарлық отырысы екі кезеңде өтті. Пленарлық отырыстың бірінші бөлімі аясында Қазақстандағы экологиялық биотехнологияның дамуына зор үлес қосқан отандық ғалымдардың 9 баяндамасы тыңдалды. Атап айтқанда, белгілі ғылым докторлары, профессорлар Жұбанова А.А., Мансұров З. А., Саданов А. К., Жамбакин К. Ж., Бисенбаев А. К., Қанаев А. Т., Нұржанова А. А., Абжалелов А. Б., Биғалиев А. Б. Пленарлық отырыстың екінші бөлімінде шетелдік қатысушылардың 7 баяндамасы тыңдалды.

Қатысушылардың кең географиясы конференция тақырыбының және оның аясында қарастырылатын мәселелердің өзектілігін растайды. Аталған конференция келесідей екі секция шеңберінде біріктірілген мәселелердің кең ауқымы бойынша әлемдегі биотехнологиялық трендтердің қорытындысын шығаруға мүмкіндік берді:

* Қоршаған орта биотехнологиясының аспектілері, инновациялары мен жетістіктері

* Биоэнергетиканың инновациялары мен жетістіктері.

Конференция аясында негізгі тақырыптардың ішінде мынадай мәселелер талқыланды: Еуропа және Азия өңірлерінде табиғатты қорғау мен биоэнергетиканы реттеуді дамыту тәжірибесі; 21 ғасырдағы экологиялық проблемалардың жаһандануы және ықтимал жауаптарды іздеу. Әрбір қатысушының жоғары кәсібилігі, жеке қызығушылығы мен жауапкершілігінің арқасында конференция жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткенін атап өту қажет. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары теориялық талдаудың сөзсіз тереңдігімен және қарастырылатын мәселелердің жоғары практикалық өзектілігімен ерекшеленді. Әр түрлі секциялардың қатысушылары тарапынан ұсыныстар енгізіліп, сондай-ақ болашаққа арналған перспективалар белгіленді.

Конференцияны өткізу нәтижелері бойынша пленарлық және постерлік баяндамалардың жоғары деңгейін, рейтингтік журналдарда басып шығару бойынша Қазақстандағы қоршаған орта биотехнологиясы саласындағы зерттеу жұмыстарының жарияланымдарының деңгейінің өсуін және экологиялық биотехнология саласындағы басым ғылыми-технологиялық міндеттерді шешуде ғылыми байланыстардың дамуын, соынмен қатар ғылыми ортаны қалыптастыру мен отандық ғылымның дамуын қолдау мақсатында осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өту қажет.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

08.02.2021

АСА ҚҰРМЕТТІ БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫ!

Сізді – өмірдегі айтулы белестердің бірі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы құттықтайды!

Сіз, биология ғылымының көрнекті өкілі ретінде 2001 жылдан бастап еңбек жолын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланыстырып,  2011 жылы биотехнология кафедрасының меңгерушісі, 2015 жылы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің деканы қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін осы қызметте табысты еңбек етіп келесіз.

Болатхан Қазыханұлы өзінің ғылыми жолында 5 монография, көптеген оқу құралдары, барлығы 400-ден астам ғылыми жұмыстар – сіздің қажырлы еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Сіздің жетекшілігіңізбен жоғары білікті кадрлар - 6 кандидаттық және 9 PhD докторлық диссертациялар қорғалды. Сонымен қатар биология ғылымдарын дамытуға үлес қосып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге ат салысып жүрген ғалымдардың бірісіз.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Сіздің жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, білікті маман, тәжірибесі мол жетекші ретіндегі абзал қасиеттеріңізбен ерекшеленесіз. Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін үлгі екендігіңіз даусыз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған ғылым саласын дамытуға, факультетімізді дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіздің арқасында, жастарға ұлағатты ұстазсыз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.!

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

БИОТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ МЕН ЖАНУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫ ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ З.А. МАНСҰРОВТЫҢ РЕДАКЦИЯСЫМЕН МОНОГРАФИЯ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАРДЫ

08.02.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биотехнология кафедрасының ұжымы мен Жану проблемалары институты ҚР ҰҒА академигі З.А. Мансұровтың редакциясымен монография жарыққа шығарды.

Монография көпфункционалды сорбенттерді наноқұрылымды көміртекпен синтездеудің соңғы жетістіктеріне арналған және фусикоксин қосылыстары ісікке қарсы агенттер, энтеро- және вулнеросорбция, қанды тазарту сияқты тақырыптарды қамтиды. Монография ғалымдар, ғылыми-техникалық қызметкерлер мен химия өндірісінің мамандарына, сонымен қатар химия, физика және биология ғылымдарының магистранттары мен докторанттарына арналған.

edited by 2021.pdf

https://www.taylorfrancis.com/books/carbon-nanomaterials-biomedicine-environment-zulkhair-mansurov/e/10.1201/9780429428647

Ары қарай оқу >>

БІТІМІ БӨЛЕК, ТҰҒЫРЫ БИІК –ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰЛҒАСЫ

06.02.2021

Биылғы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, егемендік бастауы «желтоқсан оқиғасының» 35 жылдығы сияқты елдің әр саласында атаулы іс-шаралар, айтулы мерекелер тойлануда. Міне осындай мерекелерге сыртта қалған қазақ жерінде туып, тәуелсіз отанына ту ғылымының туын тіккен биолог-эколог ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің деканы Болатхан Қазыханұлы Заяданның 60 жылдық мерейтойы да тұспа-тұс келуде. Болатхан Қазыханұлының тәуелсіздікке тартуы елге оралған 1997 жылдан бастап ғылым мен білім, басқару және қоғамдық салаларда аянбай тер төгуі еді.

Авторлар:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым   Академиясының корреспондент-мүшесі,   биология ғылымдарының докторы,  профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы, Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры PhD., Әлібек Ыдырысұлы

 

https://el.kz/kandastar/detail/bez_granits/bitimi_b-lek-_t-yry_biik_-t-uelsizdik_t-l-asy_/?fbclid=IwAR1rSQwQ6tDu3U5gQbbz1Y65Y7fZnc-39PUcZVcHrOWecUeX-QE3iTvC5mU

Ары қарай оқу >>

Эстафета!

04.02.2021

Құрметті биология және биотехнология факультетінің студенттері!
 
🔴 Сіздерді биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұйымдастыруымен лирик ақын М.Мақатаевтың 90-жылдығына орай факультеттің 1-4 курс студенттерін эстафетаға қатысуға шақырамыз!
 
🔴 Эстафетаға қатысу шарты: М.Мақатаевтың 1 өлеңін мәнерлеп оқу және оқылған өлеңді қайталамау!
 
🔴 Қатысу үшін 8-775-960-66-12 номеріне телеграмм арқылы видеоаларыңызды жіберуді сұраймыз!
 
🔸️Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!🔸

Ары қарай оқу >>

Республикалық студенттер олимпиадасы

04.02.2021

Құрметті студенттер !!!

Сіздерді «Биология» және «Биотехнология» мамандықтары бойынша Республикалық студенттер олимпиадасының (РСПО) университетішілік кезеңіне қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың 1-кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттерүш адамнан тұратын командалар құрамында РСПО-ның 2-кезеңіне қатысуға жіберіледі.

3 және 4 - курс студенттері және НИШ мамандықтары бойынша  3-курс студенттері қатысаалады. Қатысу тілі - қазақ, орыс, ағылшын.

Қазақстанның алдыңғы республикалық олимпиадаларының жүлдегерлеріне қатысуға жіберілмейді.

Қатысуға өтінімдерді 8 ақпанға дейін anel.omirbekova@kaznu.kz (биотехнология мамандығы) және g96-17@mail.ru (биология мамандығы) электронды мекен-жайларына жіберу керек. 

Өтінімде келесі мәліметтер болуы керек: қатысушының толық аты-жөні, мамандығы, коды, курс, оқыту тілі, байланыс ақпараты (телефон, электрондық пошта)

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША КОНФЕРЕНЦИЯ

29.01.2021

Құрметті оқытушылар мен 1-курс магистранттары!  2021 ж. қаңдатрдың 30 - күні сағат 10:00 -де педагогикалық практика бойынша конференция өтеді!!!  Онлайн платформа: Microsoft Teams

Онлайн қосылу үшін сілтеме: 

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3a04bcfb638ddc4aed9a127f1aa7040bf6%40thread.tacv2/1611921219481?context=%7b%22Tid%22%3a%22b0ab71a5-75b1-4d65-81f7-f479b4978d7b%22%2c%22Oid%22%3a%22bc15c39c-0532-49c5-9df1-8e1c8479d8d1%22%7d 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

"ЖОО үздік оқытушысы - 2020"

28.01.2021

Құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев Амангелді Қуанбаевичты "ЖОО үздік оқытушысы-2020"атағымен құттықтайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, "ЖОО үздік оқытушысы - 2020" атағына еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 150 адам ие болды, соның ішінде 18-і әл-Фараби Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары. Конкурс жеңімпаздарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі. Байқауға Республиканың 73 жоғары оқу орнынан барлығы 623 үміткер қатысты.

 Бисенбаева Амангелді Қуанбаевич биология ғылымдарының докторы (2011), профессор (2016), ҚР ҰҒА академигі (2017). 30 жылдан астам ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар Амангелді Қуанбаевичтың әртүрлі отандық және Web of Science және Scopus дәйексөздер базасына енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда 150-ден астам рецензияланған ғылыми жұмыстарды жарияланды. Scopus және Web of Science ғылыми деректер базасына сәйкес Хирш индексі - 6. Оның зерттеу қызығушылықтары клеткалық сигнализация, гендер экспрессияның реттелуі, ДНҚ репарациясының энзимологиясы мен ашытқылардың генетикалық инженериясын қамтиды.

Бисенбаев А.Қ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы биология ғылымдары бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы, «ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы» ғылыми журналының ғылыми редакторы болып табылады. Сонымен қатар «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2006) атағы мен мемлекеттік грантымен, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі жетістіктері үшін «Ы. Алтынсарин» – атындағы төс белгісі (2008) және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» (2018) - төс белгілері иегері.

Кафедра ұжымы б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Бисенбаев Амангелді Қуанбаевичты жемісті ғылыми-педагогикалық қызметіндегі кезекті жетістігімен шын жүректен құттықтайды және шығармашылық табыстар, жаңа кәсіби жетістіктер, қызықты идеялар мен тек биіктерге өркендеуді тілейді!

Тайпакова С.М.

молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы


Ары қарай оқу >>