Alternate Text

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫНЫҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ

04.01.2021

Көрулер: 1655

Бүгін бәйгеден оза шапқан студенттеріміз Мадина Оқас пен Алмабек Ибрайымов Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақысын иеленді. Қанаттарыңды кеңге самғай беріңдер, қос дүлдүл! 

Қос жүйріктің осы шәкіртақыға лайықты деп танылған еңбектерін таныстырғымыз келді: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының 3-курс студенті Оқас Мадина. Жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың 95 жылдығына орай өткізілген байқау «Ең үздік ғылыми жұмыс»; Студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі V Бекхожин оқулары «Ең үздік публицистикалық шығарма»; «Телемұнара» II Республикалық кәсіби-шығармашылық байқауы «Ең үздік телеочерк»; ҚазҰУ Журналистика факультетінің «Телезертханасы» ұйымдастырған кәсіби-шығармашылық байқау «Үздік телерепортер» номинациясының жеңімпазы; «Жас Отан ЖҚ» мен журналистика факультеті ұйымдастырған «Miss Journalism» 3-орын иегері; ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы «Үздік студент» марапаты;  «Барманқұлов оқуларының» жеңімпазы; «Журналист болғың келе ме?» ғылыми-тәжірибелік форумының ұйымдастырушысы; Қазақтілді онлайн-контент QazForum-2020 республикалық форумының қатысушы; ABAI-TV республикалық телеарнасындағы «Жыр майданы» бағдарламасының қатысушы; Республикалық «Ұлан» балалар мен жасөспірімдер газетінде жарияланған 60-қа жуық мақала авторы; Республикалық «Ақжелкен» журналында жарияланған 8 ғылыми-танымдық материалдың авторы; «Көрнекті публицистің келелі еңбегі» - Қайыржан Бекхожин турасындағы зерттеу мақала; «Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл» -Тоқаев оқуларына қатысқан зерттеу мақала; «EXPO-2017 бізге не берді?» - Республикалық «Жас тілшілер» форумында «Ең үздік ғылыми шығарма» деп танылды; «Барманқұловтай бағы бар…» - ғылыми-практикалық бағыттағы дәстүрлі «Барманқұлов оқуларына» ұсынылған материал; «Батыр Бауыржан» - «Өнеге» телебағдарламасына ұсынылған ғылыми видеосюжет; Республикалық мектеп оқушыларына арналған «Журналист болғың келе ме?» форумының жүргізушісі, 18-сәуір 2019. * Ибрайымов Алмабек факультетіміздің белсенді шәкірттерінің бірі ретінде «Qazaqstan» телеарнасының 60 жылдығына арналған «Qazaqstan» - еліміздің телеэпопеясы: ұлттық арнаның даму моделі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Тележурналистика негіздері» тәжірибелік шеберлік сыныбына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Men jastarga senemin» атты студент жастардың VI республикалық патриоттық форумында «Мен мемлекетімнің гүлдануі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауына қатысты. Әйгілі жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты жас ғалымдар арасындағы байқауда «Ең үздік интернет жарияланым» номинациясында ІІ орын, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 толуына орай Алматы қалалық ЖОО арасында өткізілген «Жұртын сүйген жүрек» атты мақала байқауында 3-орын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық конференция күндерінде «Ең үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша 3-орын, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ секциясы бойынша III орын диплом иегері атанды. Құтты болсын!!!