ҚАЗҰУ-ДЫҢ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ: «БИТВА ЖУРФАКОВ» АТТЫ ЛОНГРИД БАЙҚАУЫНДА БІРІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

23.12.2020

Көрулер: 1624

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің студенттер командасы «Битва журфаков» 2020 сырттай турында 1 орынға ие болды.

Егер сіз бір нәрсені қатты қаласаңыз, ол ерте ме, кеш пе орындалады деген пікір бар. Мәселен, Пауло Коэльо «Егер сіз шынымен бірдеңе қаласаңыз, онда сізге бүкіл әлем көмектеседі» деген екен. Менің көзқарасым сәл өзгеше, егер сіз бір нәрсе үшін көп тер төксеңіз, онда салтанатты фанфаның жарығын күтіңіз.

«Битва журфаков» сайысына қатысу әл-Фараби атындағы Журналистика факультетінің студенттері үшін оңай болған жоқ. Пікір алуандығы, түсініспеушілік, сәтсіздіктер, тіпті қаншама ұйқысыз түндерді өткердік.

Бірақ, ең бастысы - жұмысымыз нәтижелі болды. Лонгрид үшін түсірген респонденттің фотосуреттерін қарап отырып, еш кемшілік байқамаған кезімде, иығымнан жүк түскендей сезімде болғаным есімде.  

Бұл жолғы сұхбаттың да орыны бөлек болды. Бұрын сұхбат алу мен үшін дәл бұлай қиындық тудырған емес. Оның себебі де бар: біріншіден, өте салмақты тақырып («Ұлы Отан соғысы кезінде шешендерді Қазақстанға депортациялау»), екіншіден, кейіпкер диалогқа ашық болғанымен, оны ашу оңай болған жоқ.

Соған қарамастан, біздің команданың бұл додада бірінші орын алғаны бізді қатты таң қалдырды және ары қарайда белсенді еңбектенуге шабыттандырды.

Біз бұдан да жақсы, жылдам, күшті бола алатынымызға сенемін. Өйткені, командаға керемет талантты және мақсаты айқын, ең бастысы, жауапкершілігі жоғары жастар жиналған.

Жеңіс жолында бізден құнды кеңес пен көмегін аямаған жетекшіміз Л.П. Нодаға алғыс білдіреміз.

 

Диляра Яхьярова 

студентка 3-го курса

факультета журналистики

КазНУ имени аль-Фараби