"Ұстаздар ұлағаты -қайырымдылық"

24.02.2020

Көрулер: 1562

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті ұжымының ұйымдастыруымен "Ұстаздар ұлағаты -қайырымдылық"  деп аталатын қайырымдылық шарасы өтті. Факультет түлегі, ұлағатты ұстаз, ғалым, жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына тоқсан жыл толуына орай шәкірті, белгілі қаламгер-баспагер Ырым Кенебаев өз баспасынан шығарған Әбілфайыз Ыдырысовтың кітаптарын 66 бөлмеде тұратын студенттерге тегін таратты. Мұндай қайырымдылыққа разы болған студенттер шара соңын "Ұстазым" әнін хормен ұластырып, жүрекжарды алғыстарын білдірді. Шараның  басы- қасында факультет деканы Сағатбек Медеубекұлы, ұстаздар Абай Садуақас,  Бақыт Құрманбек, фотограф Марат Жүнісбек жүрді. Естен кетпес кеш өнеге аларлық мазмұнымен қызықтырды.