Ұстаз еңбегі жарық көрді

15.04.2020

Көрулер: 256

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры Қабылғазина Клараның «әл Фараби» баспасынан «Тіршілік» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Ол өткен жылы Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Open Euroasian literature festival» деп аталатын ашық фестивальда «шағын проза» номинациясы бойынша 2-орын алып, халықаралық деңгейде еңбегі еленген болатын. Бұл шараға Европа, Азия мемлекеттерінен жазушылар, ақындар, суретшілер қатысты. Оған осы халықаралық марапатты Лондондық аудармашы, жазушы SIMON тапсырған еді. Батыстық журналистика теоретигі Никола Гок «журналистер – олар жазушылар» деген пікір қалдырған болатын. Ұстаздың бұл еңбегі «шәкірттерге тек теориялық білім ғана емес, тәжірибелік те үлгі көрсету барлық ұстаздар қауымы үшін қажетті тәлімдердің бірі» деген қағидатқа лайық іс бола алады.