Заманауи ұлттық баспасөз: мәселелері мен болашағы

14.12.2019

Көрулер: 1725

Қырғыз республикасының астанасы Бішкек қаласында қырғыздың Жүсіп Баласағұн атындағы Ұлттық университетінде мерзімді баспасөз кафедрасының 60 жылдығына орай «Заманауи ұлттық баспасөз: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық конференция өткізілді. Конференцияны ҚҰУ журналистика факультетінің доценті, философия докторы А.Халилов жүргізді. Клнференцияға ҚР Жоғары Кеңесінің депутаттары қатысып, сөз сөйледі.ҚазҰУ журналистика факультетінен айтулы шараға жіберілген профессор Клара Қабылғазина, докторанттар Нейля Рушанова және Айтолқын Ашимовалар баяндама жасады.