Кездесу

08.10.2019

Көрулер: 1508

2019-20 оқу жылы - айтулы даталарға толы болды. Соның бірі – еліміздің ата газеті «Егемен Қазақстанның » 100 жылдығы. Осы қарсаңда 8 қазанда газеттің жас журналистерінің бірі – Назерке Жұмабай өзі түлеп ұшқан білім ордасы –әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетіне келіп, болашақ мамандармен тілдесіп, ой бөлісіп қайтты. Кездесуге қатысқан үшінші курстың студенттері табысты журналист болудың, өтімді мақала жаза білудің тәсілдері жайлы сұрақтар қойып, өз тараптарынан пікір айтып, шеберлік сағатына келген қонақты ықыласпен қабылдады.