Бесінші жатақханадан он бесіншіге саяхат

29.02.2020

Көрулер: 1626

Жас жазушы. Журналист. Республикалық "Хабар", "Қазақстан", "Алматы" телеарналарында, "Айқын" газетінде, Informburo.kz порталында жұмыс істеген. Бірқатар көркем әңгімелердің авторы АбайАймағамбетпен кездесу кеші өтті. "Бесінші жатақханадан он бесіншіге саяхат" кездесу кешінің қонағы «Бесінші жатақхана» кітабының авторы. №15 студенттер үйінде өткен кеш жатақхана туралы эстетикалық көркем дастанға айналды. Автордың айтары да, оқырманның сұрағы да толас таппады.

Автор кеш соңында "Бесінші жатақхана" кітабын сыйға тартты. Қолтаңба қалдырды. Студенттер енді 15 жатақхана тұрғындарының қызығы мен шыжығы мол өмірінен сыр шертетін лирикалық сөзі мен жастық көңілінен түратын әңгімелер, өлеңдер жазуды дағдыға айналдыратыны қуантты. Әлеуметтік желіде жарияланған кез келген жанрдағы көркем туындылар Абайдың жетекшілігімен баспаға дайындалады. Әл-Фарабидің ізгі қала тұрғындарының замана шежіресі жалғаса бермек.