ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ МЕДИА ДИАЛОГ

15.02.2019

Көрулер: 2504

Толеранттылық. Диалог. Бейбітішілік. Бұл биылғы жылғы ЮНЕСКО бекіткен Бүкәлемдік радио күнін атап өтудің жаһандық тақырыбы. VI Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі жұмысы дәстүрге берік. 2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күініне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткізіп келеді.

Канада, Жаңа Зеландия, Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан  елдерінен келген журналистер, медиа мамандар мен ғалымдар қатысқан шара жастар мен практик журналистер арасындағы медиа диалогқа айналуының кепілі. Медиа шараның Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында өтуі келген шетелдік қонақтарға қазақ елінің көркем табиғатымен таныстырды.

Радионың диалог, төзімділік және бейбітшілік дамыту мен орнықтырудағы ортақ проблемаларды бірлесе шешудегі орны ерекше аталды. Диалог және демократиялық дебаттар платформасын қамтамасыз етуге арналған семинарлар мен шеберлік сыныптарға басымдық берілілген бағдарлама мазмұнды.

Шараға Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты; Жаңа Жібек Жолы БҰҰ Моделі; Алтай Мемлекеттік университеті, Ресей; «НұрОтан» Алматы қ. Наурызбай ауданы филиалы; «Ер-дәуіт» ЖШС; «Қазақ университеті» баспа үйі серіктес ретінде қатысты.

«Қазақстан» РТРК; «Skills academy» ЖШС; Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы; Massaget.kz жастар порталы; Алтай мемлекеттік университетінің «Планета радиосы»; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТРК журналистер диалогын ақпараттық қолдаған сенімді серіктестер.

Қысқы мектеп ашылуында Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросы коммуникация және ақпарат мәселелері жөніндегі маман Сергей Карпов «Радио диалогты, төзімділікті және бейбітшілікті дамыту құралы ретінде» презентациясын таныстырды. Сондай-ақ ҚР БҰҰ Ақпарат Бюросының басшысы Абдурахим Мухидов, БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің басшысы Властимил Самек, ҚР Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің Саяси тобының жетекшісі Аренова Алмаш құттықтау сөздерін жолдады.  

Медиамектеп күндері шетелдік қонақтармен қатар, еліміздің барлық өңірлерінен келген студенттер мен журналистерге ерекше әсер еткен «Бейбітшілік, ауған журналистикасындағы диалогтық төзімділік» атты ауған журналистерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге BBC жаңалықтар тілшісі Сафи Хамед, 1 TV NEWS репортері Нұракш Наргис, Tolo News репортерлары Шахид Аниса мен Ашрафи Набилла, Tolo News Magazine PR директоры Шахаби Роена, Америка үні репортері Sadat Mar Jan  қатысты.

Ашрафи Набилла журналистика факультеті түлегі Саид Самим Фарамарзбен әріптес болды. Екеуі қатар жүріп, талай репортаждар әзірлеген. Ауған қоғамындағы медианың рөлі жайлы дәріс оқыған Шахаби Роена тәжірибелік кейстер ұсынды. Шахид Аниса ауған еліне танымал тележурналист. Ол Ауғанстандағы журналистік білім беруден бастап журналистің күнделікті өмірінде кездесетін практикалық дағдылар жайлы әңгіме өрбітті. Мұсылмандығы мықты сақталған елде қыздардың журналистік миссияны атқаруы да ерлік. Шараға қатысқан жүз жетпістен астам ғалымдар. журналистер мен студенттерге ауған журналистикасындағы тәжірибелерімен бөлісті. Бейбітшілік пен толеранттылық қадірін жақсы түсінетін журналистер, - дейді Mar Jan Sadat. Ол Америка дауысы арнасының репортері. Журналистиканың қара қазанында тастай қайнау үшін төзім мен шыдам да керек.

Медиа шарада профессор Рафис Абазов «Дамуға арналған коммуникация» білім беру бағдарламасын таныстырса, Орталық Азия Университетінің профессоры Евангелия Папуатсаки «Толқындарды құру: коммуникацияны дамыту және әлеуметтік өзгерістердегі радио рөлі» жайлы семинар өткізді. Үш күндік шараға қаытысқандарды бір тіл, бір мәдениетке біріктірген өнер кеші мен «Мәдениет диалогы» атты поэзия сағаты да диалогқа жақындатқан алаң болды.