Кез-келген істі бүгіннен баста!

30.01.2019

Көрулер: 2396

Бүгін «Мобильді журналистика» клубының жаңа форматтағы шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатын Bugin.kz тәуелсіз авторлар сайтының бас редакторы  Марғұлан Ақан болды. Марғұлан сапалы контент жасаудың әдіс-тәсілдерін үйретті. Bugin.kz сайты төрт айда 550 журналистің басын бір ортаға жинап, 45 мың оқырманды тартып отырған үлкен ақпарат алаңы болып отыр. Спикер Қазақстанда алғаш рет осындай аудитория жинаған сайттың тақырыптық, идеялық құрылымдары туралы кеңінен баяндап берді. Студенттердің қызығушылығын арттырған сұрақтарға жауап беріп, тәуелсіз автор болуға шақырды. Шығармашылықты шыңдауға арналған тегін платформаға барлық клуб мүшелері тіркеліп, алғашқы жазбаларын да салды.

Алдағы уақыттарда клуб мүшелерімен редакцияларда, медиа орталықтарда шеберлік сағаттарын ұйымдастырмақпыз. Бұл клуб мүшелерінің БАҚ саласындағы өндіріспен тікелей байланысын арттырып, мол тәжірибе алмасу алаңына айналмақ.

Клуб жетекшісі: Айкерім Әлімжан