VI Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі

14.01.2019

Көрулер: 2279

2018 жыл 6-9 ақпан аралығында әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика факультеті ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Әлеуметтік медиа -  төзімділік және цифрлық диалог құралы» VI Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтеді.

2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналисткиа факультеті Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы қолдауымен Бүкіләлемдік радио күініне арналған Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебін өткізіп келеді.

Қысқы мектеп Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешенінде өткізу дәстүріне берік. Қысқы мектеп білім алушы жастар мен практик журанлистер арасындағы медиа диалог алаңына айналды.

Биылғы жылы әл-Фараби ат. ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның: «Диалог, төзімділік және бейбітшілік» тақырыбын қолдайды.

Модульдар:

1) Әлеуметтік медиа және цифрлық сауаттылық;

2) Әлеуметтік медиа және төзімділік;

3) Әлеуметтік медиа және лингвокоммуникация;

4) Әлеуметтік медиа және цифрлық диалог.

Қысқы мектеп жұмысына   Франция, Жаңа Зеландия, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан және Қазақстан өңірлерінен дәріскерлер, журналистер, студенттер, оқытушы–профессорлар қатысады деп күтілуде.

Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығы.