Халықаралық күзгі PR мектебі
Көрулер: 2194
29-30 қараша күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Коммуникация және медиа: тұрақты даму стратегиясы» атты V Халықаралық дәстүрлі Күзгі РR мектебі өтті.
Шара аясында шетелдік және қазақстандық журналистердің, танымал PR мамандарының шеберлік сыныптары өткізілді. Күзгі мектепкеАуғанстаннан «Aryana TV» телеарнасының журналисі RasouliRostamHomayoon және «DawarTravelAgency» директоры DawarMirwais арнайы келіп, Ауғанстан бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпарат беріп, тәжірибе алмасты. Әл-Фараби ат. ҚазҰУТелерадиокешенінің директоры Дәурен Мұхамеджанов телехабарлар жасаудың қыры мен сырын әңгімеледі.
«KaspiBank» АҚ баспасөз хатшысы Ербол Азанбекпен банктің ішкі коммуникация жөніндегі маманы Сәуле Мусинаның дәрістері тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.Блогер, сайт редакторы Айжан Кульмуханбетова, «Кселл» АҚ PR-маманы Салтанат Бердіқұлова, блогер, SMM маманы Жалғас Ертай, ақын, сазгер Бекжан Әшірбаевт.б. 2018 жылдың PR трендтері, Push хабарламаларын жасау, SMM-технологиялар, мультимедиалық контент құру, журналистік білім берудің бүгіні мен ертеңі тақырыптары бойынша дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
Күзгі мектеп аясында өткізілген дәрістер барысында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарыPR мамандығы, қаржы саласындағы PR, баспасөз хатшысының қызметі, видеоконтент жасау, әлеуметтік желідегі жұмыс т.б. туралы мол мағлұмат алды. PR, маркетинг саласындағы жаңа технологиялармен танысты. Қазақстанның PR-нарығындағы трендтер туралы білді. Екі күн бойы журналистермен, PR- мамандарымен тікелей жүздесіп, қызықты кейстер мен мазмұнды дәрістер тыңдаған мектеп қатысушылары ерекше әсер алғандарын жасырмады.