Семинар
Көрулер: 2019
2018 жылдың 31-қазаны мен 11-қарашасы аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Рухани жаңғыру: ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар насихатының рөлі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренингі өтті. №230 Т.Қожакеев атындағы дәрісханада өткен іс-шара ұлттық білім берудің сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар-тренинг Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жидегүл Әбдіжәділқызының жетекшілігімен және республикалық оқу-әдістемелік кеңестің қолдауымен өтті.
Семинар-тренинг аясында мектеп колледж мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларына, жас ғалымдарға, магистранттар мен докторанттарға арналған «Жаңартылған мазмұн» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы және болашақ тележурналистер мен арнайы кәсіби білімі жоқ телевизия қызметкерлеріне арналған «Тележурналистика» мамандандыру курсы ұйымдастырылды.
72 сағатты қамтыған бұл семинар – тренингтің қорытындысында республикалық оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен кәсіби біліктілікті арттыру және мамандандыру жөніндегі сертификаттар тапсырылды.