Балаларға бірге көмектесейік

30.11.2018

Көрулер: 2718

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша оқитын студенттердің кәсіби тәжірибе дағдыларын, сондай-ақ мінез-құлықтың әлеуметтік нормаларын қалыптастыруды оқыту мақсатымен консалтингтік қызмет шеңберінде «Балаларға бірге көмектесейік» қайырымдылық акциясын үшінші рет өткізді.

«Қоғаммен байланыс» мамандығының 1-ші және 4-ші курс студенттері ең өткір әлеуметтік мәселелерге назар аудару мақсатында қоғамдық маңызы бар ақпараттық іс-шара өткізу жобасын дайындады. Студенттер алғашында қоғам алдында мүмкіндіктері шектеулі балалар мәселесін көтерсе, ал қазір мерзімнен бұрын туылған балаларға көмек көрсету өзекті мәселе болып отыр.

2008 жылы құрылған, 17 қараша мерзімінен бұрын туылған балаларға арналған Халықаралық күні болып белгіленген.

Қазақстанда және әлемде мерзімінен бұрын туылған балалар саны жылдан жылға артуда. Экологиялық немесе медициналық себептерден басқа, мамандар мезгілінен бұрын босанудың бірден бір себебі, тым жас аналар және олардың жүкті кездегі қарапайым ережелерді білмеуі деп есептейді.

Іс-шараның мақсаты – мерзімінен бұрын туылған нәрестелердің және олардың отбасыларының проблемаларына назар аудару, сондай-ақ шала туылған сәбилерге қайырымдылық көмек көрсету.

Студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының және С.Ж.Асфандияров атындағы ҚазМҰУ оқытушыларының, сонымен қатар, неонтолог дәрігерлерінің қатысуымен «Балаларға бірге көмектесейік» атты баспасөз конференциясын ұйымдастырды («Академиялық топтармен өзара әрекеттесу – UNAI» Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғаламдық хабының бастамасы болып табылады)

Баспасөз конференциясында әсіресе жастардың денсаулығына қауіп төндіретіні туралы хабардар етудің қажеттілігі мен маңыздылығы баса айтылды.

Студенттер өздері дайындаған ақпараттық парақшалар мен буклеттерді таратты. Осы күннің символы ретінде күлгін лента мен ақ шарларды ұшыра отырып қайырымдылық акциясын аяқтады.

 

Арғынбаева М.Х.,

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика

және қоғамдық медиа кафедрасының доценті, ф.ғ.к.