Түркістанда білім беру модельдері талқыланды
Көрулер: 2491
Форум жұмысы ҚР БҒМ Баспасөз қызметі жəне Болон процесі жəне академиялық ұтқырлық орталығы ұйымдастыруымен «Нарыққа бағытталған білім беру бағдарламалары: академиялық ортадағы жаңа тəсілдер» баспасөз конференциясымен басталды. Еліміздің жоғары оқу орындары маман дайындауда жұмыс беруші ұйымдар академиялық университетке қолдау көрсету жолдары ұсынылды.
ҚР БҒМ Министрі PR кеңесшісі М. Тайкенова «ТМД елдері кеңістігіне де тән медиалық үрдістердің проблемаларын көтеріп, талқылап отырған кездесу маңызды. Медиалық нарық күтіп отырған журналист мамандарының сапасы бізге өте қажет. Елге қоғамға ықпал етерлік, қуатты ақпараттық тасқынды сапалы талдап, бағалай алатын журналистер керек», - деді баспасөз конференциясы барысында. Министр кеңесшісі, Түркістанда БАҚ, жоғары оқу орындары мен халыққа жоғары деңгейде сапалы контент ұсынатын замануи, қуатты, техникалық және интеллектуалдық ресурстармен жабдықталған ақпараттық-талдамалы орталық – Ақпараттық хаб жасау идеясын ұсынды.
Форумға ҚР БҒМ Баспасөз қызметі өкілдері, БАҚ мамандары, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан университеттері журналистика факультеттері профессолар мен кафедра меңгерушілері, ғалымдары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Пленарлық мәжілісте ҚР БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті өкілдігі видео арнауы таныстырылды. Академиялық пікірталас журналистика бойынша білім беру бағдарламалары: дамыту жəне үндеулер, медианарыққа маман дайындаудағы практикалық құзыреттіліктер, студенттердің ой-өрісінің жаңа тəсілі, журналистика кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыру мəселесін ынталандыру жəне күшейту бағыттарын қамтыды.
#IFJ2018Turkestan хэштегі бойынша Форум жұмысы туралы ең үздік материалдарға студенттер арасында байқау жеңімпаздары марапатталды. Форум мәдени бағдарламасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ өнерпаз студенттерінің концерті, «әл-Фараби – Өркениет философы» деректі фильмінің көрсетілімі болды. Орталық Азия келдерінен келген ғалымдар мен жастар Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, көне Отырар, Сауран қалаларымен танысты.