Үздік журналистер марапатталды

18.10.2018

Көрулер: 2692

Байқауға 2018 жылдың 1 сәуірі мен қазан айының 1 жұлдызы аралығында жарияланған материалдар қабылданған. Үздік шығармалар сайысына 56 журналист пен қаламгер қатысып, орталыққа 100-ден аса жұмыс келіп түскен. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбековтың айтуынша, экстремизм мен жат ағымдарға қарсы күресте алғы шепте табылатын қалам иелеріне қолдау көрсету, сондай-ақ, мемлекеттік саясатқа серпіліс беретін ағартушылық бағытындағы жұмыстарды күшейту және экстремизмнің алдын алуда ақпараттық кампания құру басты мақсаттары болып табылады.

Үздік журналистерге марапатты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Әмірғалиқызы, “Qazaq times” ақпараттық қоғамдық-саяси порталының бас редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің аға оқытушысы Қойшыбек Мүбарак, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің доценттері Қоңыр Мұқатайқызы мен Нұржан Қуантайұлы табыстады.

Айта кетейік, аталмыш шара осымен екінші рет өтуде. Ұлттық журналистік зерттеу орталығының жетекшісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің аға оқытушысы Дәрмен Смайылдың айтуынша, БАҚ өкілдерінің арасында өтетін бұл байқау, болашақта да жалғасын таппақ.