Семинар

03.10.2018

Көрулер: 2484

2018 жылғы 3-қазанда журналистика факультетінде жұмысберушілердің оқытушы-профессорлар құрамымен бірлескен семинары болып өтті. 

Семинарға «Жас өркен» ЖШС-нің директоры Жүсіпбек Қорғасбек, «Ана тілі» ұлттық басылымынан Дәуіржан Төлебаев, «Түркістан» апталығынан Ахмет Өмірзақов, «Айқын» газетінен Абай Аймағамбет, Қытай халық радиостанциясының қазақ бөлімінің тете-ағасы Гүлмира Қазықанқызы, факультет жұмысберушілер ұйымының төрағасы Серік Жұмабекұлы, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева және оқытушы-профессорлар қатысты. Семинарды факультет деканы Сағатбек Медеубек жүргізіп отырды.

Семинар жұмысында журналист мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.