«Телемұнара» кәсіби-шығармашылық байқауы өтті

03.03.2018

Көрулер: 2916

Профессор М.Барманқұлов атындағы «ТЕЛЕЗЕРТХАНА» үйірмесі 1 курс студенттерінің арасында «Телемұнара» кәсіби-шығармашылық байқауын өткізді. Тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл байқауды ендігі жерде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр. Байқаудың символы ретінде арнайы «ТЕЛЕМҰНАРА» мүсіні жасалды. Байқаудың мақсаты - еліміздің телеақпарат кеңістігіндегі салалық телеарналарды дамыту. Осыған орай 1 курс студенттері (84 студент) 7 топқа бөлініп, 7 телеарна жобасын жасап, сайысқа түсті. Арнайы тағайындалған әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлдені иеленген «САЯХАТNEWS» телеарнасының шығармашылық ұжымына «ТЕЛЕМҰНАРА» символы табыс етілді. 

Әбдіжәділқызы Жидегүл,

Профессор М.Барманқұлов атындағы

«ТЕЛЕЗЕРТХАНА» үйірмесінің жетекшісі,  

Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасының доценті