V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ

16.03.2018

Көрулер: 4243

Құрметті әріптестер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» аясында

(3-13 сәуір)

2018 жылдың 3-4 сәуірінде

«ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты

V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫН өткізеді.

 

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

  1.  Рухани жаңғыру: Ұлттық кодты сақтау мен дамыту
  2. Әл-Фараби ғылымдарының классификациясы және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері
  3. ХХІ ғасыр инновациялық әлеуеті және тұрақты даму мәселелер
  4. Ғылыми өлшем және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару
  5. Адам капиталы ұлттың интеллектуалды әлеуетінің негізі ретінде

Форум аясында келесі дискуссиялық алаңдар өз жұмысын жүргізеді:

I пікір-сайыс алаңы «Мен «Рухани жаңғыруды» қалай түсінемін» студенттер арасындағы Республикалық эссе байқауы.

II пікір-сайыс алаңы «Қазақстандағы дінтанудың қазіргі жағдайы және даму перспективалары»

III пікір-сайыс алаңы «Білім мен ғылымның жаһандануының бірегейліктің дамуына әсері»

IV пікір-сайыс алаңы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру контексіндегі студент жастардың ұлттық тәрбиесі дискурсы»

V пікір-сайыс алаңы «Қазіргі психологиялық зерттеулердегі әл-Фарабидың психологиялық көзқарастары»

VI пікір-сайыс алаңы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері: саясаттанулық аспект»

 

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Форум жұмысына қатысу үшін 2018 жылдың 20 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына өтініш және тезис мәтінінің электронды нұсқасын келесідегідей формада рәсімдеп, өткізу қажет. Өтініш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болу керек. Өтініш:

1. Аты-жөні

2. Жұмыс орны (ұйымның, кафедраның толық атауы)

3. Қызметі

4. Ғылыми немесе академиялық атағы

5. Ғылыми дәрежесі

6. Байланыс телефондары, e-mail

7. Секция

8. Баяндама тақырыбы

 

ЖАРИЯЛАНЫМ ТАЛАПТАРЫ

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Ұйымдастыру комитеті форум жұмысының бағыттарына сай аяқталған ғылыми және тәжірибелік-бағытталған мақалаларды «ҚазҰУ Хабаршысы» журналы сериясына жариялау үшін қабылдайды.

Мақала электронды нұсқада (.doc, .docx, .rtf) ТЕК журнал сайтында жүктеу арқылы (Open Journal System или Editorial Manager) қабылданады.

Шрифт кегль – 12 (түйіндеме, кілт сөздер, әдебиет - 10, кесте мәтіні – 9-11), шрифт – Times New Roman, теңестіру – мәтіннің ені бойынша, жаңа жол – 0,8 см, жолдар арасындағы арақашықтық бірлік, беттің барлық жағы 2 см.

Суреттер, кестелер, графикалар, диаграммалар мен т.б. мәтінде номер арқылы беріледі (Мысалы, Сур. 1 – суреттің атауы). Суреттер, кестелер, графикалар, диаграммалардың саны мақала көлемінің 20% асып кетпеуі тиіс (кей жағдайларда 30%).

Мақала көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, түйіндеме, кілт сөздер, библиографиялық тізімді қоспағанда) әлеуметтік-гуманитарлық бағыт үшін 3 000 сөзден кем емес және 7 000 сөзден, ал жаратылыстанулық және техникалық бағыттар үшін 1 500-7 000 сөз аралығында болуы тиіс.

Авторлар міндетті түрде қосымша хатта Open Journal System немесе Editorial Manager жүйесінде жіберіліп отырған мақаланың еш жерде жарияланбағандығы туралы, мақалада басқа еңбектерден сілтемесіз мәтін фрагменттері алынбағандығын көрсетеді.

Мақаланың жарнасы мен төлеу тәртібі ғылыми редактор мен сыртқы рецензенттер мақұлдағаннан кейін «Қазақ университеті» баспасы арқылы бекітіледі.

Қосымша талаптарды ұйымдастыру комитетінен анықтау қажет         

 

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы,

Масанчи көшесі 39/47 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы),  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, 314 а - бөлме

Телефон: 292-57-17 (2182) +77012721704

e-mail: farabiforum2018@gmail.com