Қазақ телевизиясына 60 жыл!

14.02.2018

Көрулер: 4034

2018 жыл 15 ақпан сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапхананың № 416 Акт залында «QAZAQSTAN» телеарнасының 60 жылдығына арналған «QAZAQSTAN» еліміздің телеэпопеясы: ұлттық арнаның даму моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастайды.

Ғылыми шара аясында Журналистика факультетінде заманауи техникамен жабдықталған №208 «Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы салтанатты түрде ашылады. Зертханада алғаш рет «Qazaqstan» арнасы» журналистері, продюсерлері, репортерларының журналистика факультеті студенттеріне арналған «Тележурналистика негіздері» практикумы шеберлік-сыныптары өтеді.

Ғылыми алқасөз жұмысына «Қазақстан» ұлттық арнасында әр жылдары қызмет еткен Сұлтан Оразалин, Ласкер Сеитов, Құсман Игісіновтер бастаған ардагерлер мен журналистер, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады. Конференция қонақтары мен қатысушылары «Қазақстан» ТРК тарихының фотокөрмесі мен «Қазақстан» ұлттық арнасының тарихына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылады.  

«Qazaqstan» телеарнасының 60 жылдығына арналған «әл-Фараби» арнасында тележобаларын дайындаған факультет студенттері қатысқан   байқау жеңімпаздарына шәкіртақы табысталады.

Ақпарат: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы - республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы ірге көтерген телеарна еліміздегі ең ірі медиа құрылым. «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның құрамында бүгінгі таңда 3 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна, 4 радио және 36 интернет сайт кіреді. Телеарнаның техникалық әлеуеті республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. 2015 жылдың қазан айынан бастап, ерекше маңызды жаңалықтар легін жедел түрде kaztrk.kz порталынан арнайы ашылған kaznews.kaztrk.kz сайты арқылы тарата бастады.

«Қазақстан» РТРК Акционерлік Қоғамымен университет тығыз ынтымақтастықта. 2016 ж. «Қазақ радиосының» 95 жылдығы «Шалқар» радиосының 50 жылдығы Университетте аталып өтті.