Шынайы журналистика мектебі

16.03.2018

Көрулер: 2894

15 – 17 ақпан аралығында «Русский репортер» атты белгілі журналдың ұжымы Журналистика факультетінде «Тарих: идеядан технологияға дейін» деген семинар-тренинг өткізді.

 

Аталмыш жобаның мақсаты – халық пен мемлекет арасындағы достықты нығайту мақсатында қоғамдық өрлеуге үлесін қосып келе жатқан ТМД, Кавказ бен Балтық елдерінің отандық журналистері мен орыс тілді жас репортерлерді «Бірлескен шығармашылық» атты байқауға қатысуына ықпал ету.

Үш күн қатарынан Журналистика факультеті мен Филология және әлем тілдері факультетінің студенттері кәсіби білікті мамандардың жетекшілігімен мультимедиалық тарих жасаудың оңтайлы әдістерін меңгеруге дағдыланды.

Бірінші және екінші күндері ресейлік медиа-менеджер, «Русские репортеры» АКҰ-ның Бас директоры Дмитрий Михайлин мен «Русские репортеры» АКҰ-ның Бас редакторы Виталий Лейбин студенттермен мәтін тарихын құрудың техикасы мен әдіс-тәсілдерін меңгерудің жолдарын ұсынды.

«Горизонт-media» видеостудиясының Бас редакторы, кино және телевидение режиссері, Санкт-Петербор Мәдениет Институтының доценті Людмила Познякова студенттермен бірге видеотүсірілім жасаудағы кейіпкер тарихының психологиялық амалдары мен синопсистың құрылымын түсіндірді.

Фоторепортаждың шебері Дмитрий Беляков авторлық жобасы негізінде тәжірибеге сүйеніп, фототүсірілім тарихын жасаудағы кәсіби біліктілігімен бөлісті.

Үшінші күні студенттердің шығармашылық жобалары көрсетіліп, талқыланып, алда жасайтын жұмыстың жоспары қарастырылды.

Студенттердің тәлімгері болып Витайлий Лейбин атанды. Арнайы жоба дайындау барысында студенттер тәлімгерімен электронды пошта арқылы байланысып, қажетті ақпаратын алып отыруға мүмкіндік жасалды.

Байқау мерзімі – 2018 жылдың 15 тамызы. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар есебінен қараша айында Мәскеуде өтетін жас журналистер форумына қатысуға мүмкіндік ала алады.

 

 

 Мусинова А.А.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті міндетін атқарушы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті