«Нұрмұхан Оразбек» атты кітабының тұсаукесері өтті
Көрулер: 2222
2017 жылы 8 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапханада белгілі журналист, публицист және баспагер Нұрмахан Оразбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Нұрмахан Оразбек – журналист-публицист және баспагер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылыми алқа аясында «Қазақстан» баспасында «Ғибратты ғұмыр» сериясымен жарық көрген «Нұрмұхан Оразбек» атты кітабының тұсаукесері, шығармашылығы мен өміріне арналған кітап және фото көрмесі таныстырылды.
Мамадияр Жақып, Қазыбек Иса, сондай-ақ ақын Исраил Сапарбай бастаған қазақ журналистикасының майталмандары жиылған шарада Нұрмұхан Оразбектің көсемсөзін, баспагерлік және қайраткерлік қызметін еске алды. Алдағы уақытта Н.Оразбек шығармашылығын зерттеу жайлы ұсыныстарын ортаға салды. Ғылыми жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлары қатысып, баяндамалар жасады.
Конференция қарсаңында қазақ журналистикасына сүбелі еңбегі сіңген Нұрмахан Оразбектің шығармашылығына арналған журналистік жұмыстарға байқау жарияланды. Байқауға әл-Фараби ат. ҚазҰУ, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Сүлеймен Демирел Университеті студенттері зерттеулерін, материалдарын ұсынды. Байқау жеңімпаздары Тұрар Инаят, Несіпбек Мадина, Ұлжан Ибраимова, Мухамедиярқызы Арайлым Н. Оразбек атындағы шәкіртақымен марапатталды. Нұрмұхантану ісі алдағы уақытт жалғасын табуы тиіс деп санайды зиялы қауым.