Студенттер көрмесін тамашалады

28.02.2018

Көрулер: 3134

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Бас ғимаратының фойесінде үстіміздегі жылғы ақпан айының соңғы аптасында журналистика факультеті баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы студенттерінің көрмесі өтті. Көрмені университет ректоры Ғ. М. Мұтанов, журналистика факультетінің деканы С. Медеубекұлы, кафедра меңгерушісі Ж. Бекболатұлы, кафедра меңгерушісінің орынбасарлары Қ. Мергенбаева, Ж. Батырханова, аға оқытушылар Б. Серікбай, Д. Мақсұтханұлы, т.б. қонақтар, қызметкерлер, ұстаздар мен студенттер тамашалады.