Алаш көсемсөзі – Рухани жаңғыру парадигмасы

05.12.2017

Көрулер: 3296

2017 жыл  24 қарашада әл-Фараби Ғылыми  кітапханасының Ғалымдар клубында Алаш  қозғалысының 100 жылдығы және  «Сарыарқа» газетінің 100 жылдығына арналған «Алаш көсемсөзі – Рухани жаңғыру парадигмасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ғылыми жиында Алаш көсемсөзіндегі «Мәңгілік ел» идеясы; Алаш баспасөзіндегі экономикалық, әлеуметтік жаңғыру мәселелері; Алаш баспасөзіндегі рухани-мәдени жаңғыру мәселелері; Алаш қозғалысының мәлім және беймәлім қайраткерлерінің әдеби һәм көсемсөздік мұрасы; «Сарыарқа» газеті – Алаштың үні мен шежіресі атты секциялар жұмыс істеді.

Конференция жұмысына ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Б. Жақып, ҚР Журналистер академиясының Президенті, профессор С. Қозыбаев,  филология ғылымдарының докторы, профессор А. Рамазан, филология ғылымдаырынң кандидаты А. Мектеп сияқты еліміздегі көрнекті алаштанушы ғалымдар, белгілі журналистер қатысып, ғылыми баяндамалар жасады.

Ғылыми шара барысында Алаш мұрасын 100 жылдан соң оқырманымен табыстыру мақсатында журналистика факультеті PhD докторанты А. Ақынбекова дайындаған 1925 жылы Ташкент қаласында жарыққа шыққан қазақтың тұңғыш «Шаншар» күлкі журналының таныстырылымы өтті. Араб қарпінен кириллге түсірілген басылымның  «Шаншар» журналы араға ғасыр салып, бүгінгі қазақ баспасөзінің қорын байытты.

 

 

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы