«Айқап» журналы Троицк қаласында жарық көрген - Челябинск форумы

18.11.2017

Көрулер: 4249

2017 жылдың қараша айында «Айқап» журналының редакциялық алқасының мүшелері: кафедра меңгерушісі Ж. Бекболатұлы және т.ғ.к., доцент Мұқанова Г.Қ. академик Ғ.Мұтанов басқарған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясымен бірге  1911-1915 жж. «Айқап» атты алғашқы қазақ басылымы жарық көрген - Челябинск форумы аясында - Троицк қаласына (Ресей) барып қайтты. Сапар әйгілі мерейтойға  - 145 жыл - бірінші редактор Мұхамеджан Сералинге  арналған болатын. Троицк қазақ диаспорасымен, қаланың әкімшілігімен, мұражайда, баспаханада, мұсылман зираты және Зайнулла-Ишан Расулев мешітін аралап,  кездесулер өткізді. 2016 - 2017 жылдары Университетімізде шыққан «Айкап» журналының даналары Троицк, Орынбор және Челябинск қазақ тұрғындарына сыйға тартылды. Сапар нәтижесінде көптеген материалдар Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының БАҚ-тарында жарияланды.