Халықаралық ғылыми онлайн-конференция III Ибрашев оқулары "ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: ДАМУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ»

19.11.2020

Көрулер: 1984

         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық зерттеулер орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, Еуразия-Поволжье ақпараттық - талдау орталығы сіздерді 2020 жылғы 24 қарашада сағат 14.00-де әл - Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында өтетін III Ибрашев оқулары "ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: ДАМУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ СЫН-ҚАТЕРЛЕР" халықаралық ғылыми конференциясына (онлайн) қатысуға шақырады.

         Конференция барысында ЕАЭО-ның өзекті мәселелері, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі еуразиялық интеграцияның түрлі аспектілері: экономикалық дамудың сын-қатерлері мен тәуекелдері, геосаяси сын-қатерлер, ЕАЭО даму сценарийлері және т. б. бойынша сарапшылардың пікір алмасуы жоспарлануда.

         Конференция жұмысына дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдар мен қорлардың өкілдері, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, талдау орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың жетекші ғалымдары, ҚазҰУ ХҚФ оқытушылары қатысады.

        Қатысушылардың баяндамалары мен сөздерінің негізінде конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. Конференция материалдары ҚР БҒМ грант есебінен жарияланатын болады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға сілтеме кейінірек жіберіледі.

Конференцияны ұйымдастырушылар:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық зерттеулер орталығы,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, Еуразия-Поволжье ақпараттық - талдау орталығы

 

Өтетін уақыты: 24 қараша, с 14.00-17.00

Байланыс ақпараты:

Проф. Мовкебаева Галия Ахметвалиевна

e-mail: gmovkebaewa@mail.ru