АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Көрулер: 2062
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Құрметті әріптестер!
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінің 25 жылдығына және халықаралық құқық кафедрасының 30 жылдығына арналған "Жоғары оқу орындарындағы білім сапасын қамтамасыз етудің заманауи технологиялары" атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция жұмысына қатысу үшін жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушылары, магистранттары, докторанттары шақырылады. Конференцияны өткізудің мақсаты жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің қазіргі жай-күйі мен негізгі даму үрдістерін бағалау болып табылады. Конференция аясында заманауи талаптарға сәйкес оқытудың барлық деңгейіндегі мамандарды кәсіби даярлаудың оқу-әдістемелік мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндамаларды (тезистерді) ресімдеуге қойылатын талаптар
3-10 беттен тұратын мақала Winword мәтіндік редакторында, Times New Roman шрифтімен терілуі керек; жоларалық интервал 1,0. кегль 12, сол жақта – 2 см, оң жақта – 2 см, төменгі және жоғарғы жағында-2 см. Бірінші парақтың ортасында атауы бас әріптермен, интервал арқылы тегі және аты-жөні, ғылыми дәрежесі және ғылыми лауазымы, автордың жұмыс орны, эл. мекен-жайы, 1 интервалдан кейін-мақала мәтіні (0,8 шегініс). Әдеби дереккөздерге сілтемелер қолданыстағы стандарттарға сәйкес көрсетіледі, н-р: [1; 5]. Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында негізгі мәтіннен 1 интервалдан кейін беріледі. Файлдың атауында автордың тегін көрсету қажет. Жарияланатын жұмыс редакциялауға жатпайды және автормен редакциялануы тиіс. Ұсынылған материалдың сапасына автор өзі жауапты болады. Бір мақалада 2 автордан артық болмауы керек.
Қатысу шарттары
Қатысу нысаны - сырттай (жинақта қатысу нысаны көрсетілмейді). Конференцияға қатысу үшін 2020 жылдың 30 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетіне конференцияға қатысушының сауалнама-өтінімін және баяндама мәтінін электронды нұсқада ұсыну қажет.
Конференцияны ұйымдастыру комитеті: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы.
Конференцияның өтетін күні - 2020 жылғы 30 қараша.
Конференция нәтижелері бойынша материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда (ISBN, УДК).
Мақалалар электрондық поштаға жіберіледі: almagul.tusupova 2016 @ gmail.com
Анықтама телефоны: моб. тел. 87778921771 - (Тусупова А.Ж. – з. ғ. к., доцент)