«Жас отбасы» конкурсы

23.02.2018

Көрулер: 3990

Білім беру жобасына негізделген конкурстың бағдарламасы белгілі адамдармен, дөңгелек үстелдермен және мастер-класстармен, сондай-ақ жас жұптарға арналған арнайы конкурстық бағдарламамен өтеді.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең сырттай (шарты www.youngfamily.kz сайтында) бетпе-бет кездесу форматында өтетін финалға іріктеу ретінде қызмет етеді.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар мен серіктестерден ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар алады. Конкурстың серіктестері мен демеушілері тағайындаған ақшалай сыйлық қоры 1 600 000 теңгені құрайды.

Конкурстың негізгі идеясы: қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру және отбасылық білім берудің бастауында отбасылық қаржыны басқаруды дағдыландыру арқылы ажырасу санын азайту.

Конкурстың мақсаты: жас отбасылардың беделін насихаттау, қаржылық сауаттылықты дамытуға, бәсекеге қабілеттілікті, реализм мен прагматизмді қалыптастыруға негізделген жас отбасылардың қоғамдық санасын модернизациялау.

Конкурстың сайты: www.youngfamily.kz

Конкурстың өткізулі кезеңі: 2018 жылдың ақпан – маусым айы.

Конкурстың басталуы: 2018 жылдың ақпан айы.

Конкурс қорытындысы мен сыйлықтарды табыс ету уақыты: 2018 жылдың маусым айы.

Қатысушылар жасы: 18-30 жас аралығындағы жас отбасылар.

Конкурстың ақпараттық серіктестері

  • ·      ҚР Ұлттық кітапханасы
  • ·      «Атаменкен» қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы
  • ·      Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
  • ·      «Атамекен» іскер әйелдерінің кеңесі
  • ·      Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
  • ·      «Алтын Дән Қазақстан» ЖШС («Altyn Dan Kazakhstan»)
  • ·      «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» ҚБ (МАИН)
  • ·      «YuStudy» білім-беру орталығы
  • ·      «Жана Ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебі
  • ·      Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы ЖК
  • ·      әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Конкурстың демеушілері:

  • ·      МКО «KMF»
  • ·      «Акжол Tour» туристік агенттігі
  • ·      «Школа финансовой грамотности Айгуль Абдраимовой» ЖШС
  • ·      «Makeup_Shymkent» сән салоны
  • ·      «У Натальи» перде салоны
  • ·      «Almuar» жиһаз салоны
  • ·      «GRACE»,дене эстетикалық салоны

Конкурстың таралуы: Әлеуметтік желілерде, баспа және онлайн басылымдарда, YouTube арнасындағы каналдарда «тікелей эфир».

Конкурстың өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғылы 14, Абылай хан көш. қиылысындағы «ҚР Ұлттық Кітапханасы» ғимараты.

Конкурсқа қатысу үшін сайт арқылы тіркелу қажет:

www.youngfamily.kz соңғы мерзімі 23.02.2018 ж.

Қалған сұрақтар бойынша: +7 747 675 43 37 немесе +7 701 951 79 91