АРАБ ТІЛІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ТӘРБИЕСІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ИСЕСКО СЕМИНАРЫ

АРАБ ТІЛІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ТӘРБИЕСІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ИСЕСКО СЕМИНАРЫ

27-29 қазан аралығында халықаралық ИСЕСКО ұйымы “IICO” (Кувейт) қа­йы­рым­ды­лық қорымен бірлесе отырып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің арабтану ка­фед­ра­сы негізінде араб тілі және ислам тәрбиесі оқытушыларына арналған се­ми­нар өткізді.

ИСЕСКО ұйымының араб тілі оқытушыларына аталған ұйымға мүше елдерде се­минарлар ұйымдастырып, шетелдіктер үшін араб тілі мен ислам тәрбиесіне ар­нал­ған оқулықтар шығарып, араб тілі пәнін оқыту әдістемесін жетілдіруге әдіс­те­ме­лік көмек көрсететінін атап өту керек. Аталмыш семинардың мақсаты араб тілі мен әдебиеті оқытушыларының біліктілігін жоғарылату, семинарға қа­ты­су­шы­лар­ды педагогика және сабақ жүргізу психологиясының қазіргі заманғы тео­рия­ла­ры­мен таныстыру, сонымен қатар семинарға қатысушылардың кәсіби шеберлігін же­тіл­діру. Семинарға республиканың әр түрлі мектептері мен жоғарғы оқу орын­да­ры­нан: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан, Абай атындағы АМПУ-дан, Абылай хан атын­дағы ҚазХҚУжӘТ-дан, Нұр-Мүбарак Ислам университенінен, Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда университетінен, Алматы қаласының №9 мектеп-ин­тер­на­ты­нан, Қарағанды қаласының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан араб тілі мен әдебиеті, тарих және араб мәдениетінен дәріс жүргізетін 30 оқытушы қа­тыс­ты.

1989 жылы ИСЕСКО университетімізде алғаш семинарын өткізген болатын. 2000 жылы Абай атындағы АМУ-да екінші семинар өткізілді. 2004 жылы жергілікті са­рапшылар Г.Қ.Токова мен Г.Х.Әбдірахманованың қатысуымен ИСЕСКО ҚазҰУ негізінде үшінші семинар өткізді.

Үстіміздегі жылы ИСЕСКО және ЮНЕСКО мәселелері бойынша Ұлттық ко­ми­тет ИСЕСКО-ның төртінші семинары өткізілетін орын ретінде әл-Фараби атын­дағы университеттің арабтану кафедрасын таңдап алды.

2009 жылы 27 қазанда сағат 10-да әл-Фараби атындағы конференц-залда се­ми­нар­дың ашылуына ҚР СІМ кеңесшісі, э.ғ.к., ҚР-ның ИСЕСКО және ЮНЕСКО мә­се­ле­ле­рі бойынша Ұлттық комитет мүшесі Закиева Жанат Кешірімқызы және ҚазҰУ-дің бірінші проректорының атынан халықаралық байланыстар бөлімінің ди­рек­то­ры Қайрат Жүніс қатысты. Бұл күні семинарға қатысушылар ИСЕСКО-ның семинардың ары қарайғы жұмысын анықтау үшін қатысушылардың білім дең­ге­йін және неге қызығушылық танытатынын білу мақсатында арнайы жасалған са­уал­на­ма­ға жауап берді. Семинар барысында ИСЕСКО-ның Тегеран қаласындағы жер­гі­лік­ті офисінен келген шетелдік сарапшы Хасан Фартуси және жергілікті са­рап­шы­лар Абд әл-Азиз әл-Хули мен Г.Қ.Токова: “Ислам тәрбиесі”, “Араб тілі фо­не­ти­ка­сы”, “Оқытушы мен студенттің психологиялық байланысы”, “Араб тілінің Ис­лам қоғамындағы рөлі” атты тақырыптарға лекция оқып, семинарға қа­ты­су­шы­лар да араб тілінен көрнекілік үшін сабақтар жүргізді.

Семинар аяқталған соң барлық қатысушылар мен жергілікті сарапшыларға ИСЕСКО сертификаты тапсырылды. Қонақтарға араб бөлімі студенттері даяр­ла­ған шағын мерекелік номерлер көрсетілді. Семинар жабылуына байланысты түскі ас берілді.

Сонымен бірге Хасан Фартуси мырзаға жазбаша түрде ұсыныстар жасалды. Се­ми­нар­ды ұйымдастыру шетелдік сарапшының көңілінен шығып, осындай бірлесе ат­қа­рыл­ған шаралардың жалғасын табарынан үміт еткенін айта кету керек.