Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу бойынша Республикалық ғылыми орталық

 

 

 

Омарбеков Талас Омарбекұлы - Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу бойынша Республикалық ғылыми орталығының дирректоры,

тарих ғылымдарының докторы,

ҚР ҰҒА Құрметті академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

 

Әл-Фараби даңғылы 71, 

Тарих, археология және этнология факультеті4-6  

 

email: talas.omarbekov@kaznu.kz

телефон: (ішкі 12-87) 87273 773338

 

 

Жоба мақсаты - Орталық Азия көшпелілерінің этноаумағының қалыптасуына, мемлекеттік құрылымына, эволюциясына, билік және дәстүрлі құқық мәселелеріне, дәстүрлі көшпелі шаруашылықтың күйреуіне кешенді түрде талдау жасау және тарихи деректер мен тарихнамалық жетістіктерді жаңаша тұрғыда зерттеу, сондай-ақ, отырықшы және көшпелі өркениеттердің синтезін көрсету, көшпелі және отырықшы халықтың мәдени-тарихи ықпалдастығынан туындаған мәселелерге негізделген дереккөздерге аксиологиялық талдау жасау жобаның мақсаты болып табылады. 

Негізгі міндеттері:
  • Орталық Азияның көшпелі халықтарының этноаумағының қалыптасуының мәселелерін зерттеу;
  • Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік пен саяси құрылымдардың теориялық және методологиялық мәселелеріне талдау жасау;
  • Дәстүрлі қоғамдағы билік және әдеттегі құқықтың рухани құндылықтар мен сабақтастығын анықтап, нақты қорытындыларға келу, кешенді түрде салыстырмалы талдау жасау;
  • Көшпелілер өркениетіндегі табиғат пен қоғамның қарым-қатынасы үдерісін зерттеу, түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың дүниетаным жүйесін анықтауда басымдық ретінде түркі мифологиялық мәдениетінің бастауларын негіздеу;
  • Негізгі концептуалды ұстанымдарды, түркілердің ерте ортағасырлар қоғамындағы табиғи-клитаттық факторлардың рөлі туралы мәселелерді зерттеудің бағыттарын талдау;
  • Түркі мифологиялық мәдениетінің контекстінде (халыққа белгілі білімдердің рөлі, мифологиядағы әйел бейнесі, алтай халқындағы дәстүрлі әдеп мысалында) көшпелі түркілердің дәстүрлі дүниетанымын қарастыру арқылы мәселенің зерттелу деңгейі мен ғылыми-теориялық ізденістердің сабақтастығын анықтау;
  • ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Әкімшілік ережелердің қазақтың дәстүрлі шаруашылығының сипатына әсерін ғылыми зерделеу, дәстүрлі шаруашылық ырғағының бұзылуының тарихи себептерін ғылыми таразыға салу;
  • Көшпелі қоғам өкілдерінде қалыптасқан соғыс өнері мен қару-жарақ түрлеріне қатысты жазба деректермен қатар ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып, талдамалы зерттеулер жүргізу.

Зерттеу объектісі - Орталық Азия және Қазақстанның ерте және ортағасырлық тарихының этно-мәдени, этно-территориялық, саяси, әлеуметтік мәселелері, басқару жүйесі, мемлекеттілік мәселесі, әскери өнер, көшпелілер мен отырықшылардың мәдени синтезі, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі дәстүрлі шаруашылықтың сипаты, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғам, кеңестік үкіметтің орнауы кезіндегі дәстүрлі шаруашылық ырғағының бұзылуы, дәстүрлі шаруашылықтың күйеуі мәселелері жобаның басты зерттеу нысаны.

Орталықта 7 жоба жұмыс жасайды:

 

•1. ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІ ЭТНОТЕРРИТОРИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
2. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
3.ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ІСІ МЕН СОҒЫС ӨНЕРІ
4. ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ «КӨШПЕЛІ ИМПЕРИЯЛАРЫ» МЕН ОТЫРЫҚШЫ-ЕГІНШІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ПАРДИГМАЛАРЫ
5. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ ТАБИҒАТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
6. КӨШПЕЛІЛЕР РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНДА: БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, МӘДЕНИЕТ ПЕН ШАРУШАЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ
•7. КЕҢЕСТІК ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ МЕН КӨШПЕЛІ ҚАУЫМЫНЫҢ КҮЙРЕУІ

Зерттеу нәтижелері
  • Бағдарламаның зерттеу нысанының нәтижесінде монографиялар, оқу құралдары, хрестоматия мен практикум жарияланды, жаңа журнал басылымы дүниеге келді.
  • Бағдарлама аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Халықаралық Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) немесе Scopus компанияларының ақпараттық базасына кіретін, импакт-факторы нөлден жоғары ғылыми басылымдарда жарияланды.
  • Бағдарлама  жобалары аясында Халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастырылды, қорытындысы ретінде материалдар жинақтары жарияланды.
  • Шетел архивтерінің қорлары мен кітапханаларынан әкелінген, Қазақстан тарихы, түркі әлемі, сонымен қатар дүние жүзі тарихы бойынша іргелі еңбектер жазу үшін қажетті деректік материалдардың бірқатары жүйеленді, ғылыми айналымға қосылды.
  • 2014-2016 жж. аралығында  Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің Республикалық Ғылыми-зерттеу Орталығымен 100 ден аса 5ылыми мақалалар жарияланды:
  • 9 мақала Scopus және Tomson Reuters базасына кіретін журналдарда жарияланды;
  • «Орталық Азия көшпелілері өркениетінің тарихы (История кочевой цивилизации Центральной Азии)» атты 4 томдық ұжымдық монография жарияланды;
  • Қазақстан (қазақ елі) тарихы атты 4-бөлімнен тұратын оқулық жарияланды;
  • Қазақстан (қазақ елі) тарихы атты 1 практикум жарыққа шықты;
  • 2 электрондық кітап жарияланды;
  • 2 электронды оқу-әдістемелік нұсқау жарияланды;
  • 3 ғылыми мақалалар жинағы;
  • 2 мақала халықаралық ғылыми-теориялық конференция жинағында дарияланды.
  • ЖОО орындарында 10 элективті курстар енгізілді;
 Орталық бойынша жарық көрген еңбектер: