Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасында мультимедиялық сыныптың ашылуы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасында мультимедиялық сыныптың ашылуы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінде 2009 жылы 1 қазанда сағат 11.00-де Түркі халықтары ынтымақтастығы және даму агенттігі (ТІКА) тарапынан сыйға тартқан мультимедиялық сынып пен кітапхананың ресми ашылу салтанаты өтті. Ресми ашылу салтанатына Түркия Республикасының Қазақтандағы ТІКА агентігінің президенті Омар Коджаман келді.

Агенттік Қазақстандағы түріктану ғылымының дамуына, университеттерге білім саласында, оның ішінде техникалық құралдар, оқу материалдары және анықтамалық әдебиеттермен қамтамсыз етіп, қолдау көрсетіп келеді.
2008 – 2009 жж. Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы ТІКА ұйымына мултимедиялық сыныпты ашу жобасын ұсынған. Бұл жоба 2009 жылдың мамыр айында ТИКА тарапынан қолдау тапты. Жобаның құны 3648 000 теңге. Ашылу салтанатына Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрінің І орынбасары Исмет Йылмаз және Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Мехмет Учар, Алматыдағы Түркия Республикасы елшілігінің мәдениет және ақпарат атташесі Мине Касап және Түркия Республикасының Алматыдағы білім беру жөніндегі кеңесшісі Кадир Четин қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универститетінің ректоры Жұмағұлов Бахытжан Тұрсынұлының атынан университеттің 1-ші проректоры, х.ғ.д., проф. Мансуров Зулхайыр Айтмұхамбетұлы ТІКА президенті Омар Коджаман мырза мен Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрінің І орынбасары Исмет Йылмаз мырзаға алғыс хат пен «Қазақ елі» сувенирін тапсырды.

Шығыстану факультетінің деканы, тарих ғылымының докторы, профессор Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының меңгерушісі профессор Авакова Раушангүл Амирдинқызына ТІКА-ның осындай оңтайлы іс-шаралары Қазақстандағы түріктану ғылымының дәрежесінің өсуіне оң әсерін тигізіп жатқандығын тілге тиек етіп, өзінің алғысын білдірді.

Түріктанушы студенттер қонақтарға шағын концертттік бағдарламаларын ұсынды. Соңында түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасы қазақ тағамдары ұсынылған кофе-брейк дайындады.