Корей тілі білімінің 18-ші жарысы

Корей тілі институтының 50 жылдығына арналған корей тілі білімінің 18-ші жарысы (Корей Республикасы)

2009 жылы 27 қыркүйекте шығыстану факультетінің корейтану кафедрасы Енсе университетімен біріге отырып шетелде корей тіл білімі жайлы белгіленген тақырыпқа шығарма түрінде 18-ші жылдық жарыс ұйымдастырды. 2009 жылғы жарыс Корей тілі Институтының 50 жылдығына арналған.

Жарысқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корей бөлімінің 2, 3 және 4 курс студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 60 . Жарысты ұйымдастыру барысында Корей халықаралық байланыс ұйымының еріктілері қатысып, жарыс шарттарын Абылайхан атындағы халықаралық қатынас пен әлемдік тілдер Қазақ Университетінің өкілдері келіп бақылады.

Шығарма тақырыптары сағат 10-да жарияланды. Жарыс сағат 12-де аяқталды. Шығармалар почталық конвертке салынып, бақылаушылардың қатысуымен Енсе Университетіне жіберілді. Жарыс нәтижесі 2009 жылдың 9 қазанда, Корей тіл мерекесіне дейін белгілі болады.

Осы сайысқа барлық қатысушылар Енсе университетінің атынан естелік сыйлықтар алды.