БАҚ өкілдеріне арналған брифинг

07.02.2019

Көрулер: 4595

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – да мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Данияр Таумұрат 2018 жылы ашылған «Sanaly urpaq», «Алматы – адалдық алаңы», «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» атты жобалық кеңселер басшыларының қатысуымен брифинг өткізілді.

Д. Таумұрат өз сөзінде мемлекеттік қызметке кіру тәртібін ашып, 2018 жылы енгізілген барлық жаңалықтар туралы айтты. Ол атап өткендей, "Мемлекеттік қызметтің заманауи жүйесінің маңызды бағыты меритократия қағидасын жүзеге асыру болып табылады, бұл мемлекеттік аппарат институтын нығайтуға ықпал етеді және халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырады". Департамент басшысы Данияр Таумұрат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қосқан үлесін жоғары бағалап, "Керемет"студенттерге қызмет көрсету орталығының 500-ден астам қызметінің ашықтығы мен сапасын атап өтті.

"Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ. Токушев өз сөзінде білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асыру барысы туралы айтты.

"Алматы – адалдық аланы" жобалық кеңсесінің басшысы А. Братенковтың сөйлеген сөзінде қызметтің мақсаты, міндеттері мен негізгі бағыттары ашып айтып берді. "Алматы – адалдық аланы" жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін азайту, мемлекеттік және квази-мемлекеттік құрылымдарға азаматтардың сенімін арттыру бойынша нақты қадамдардың нақты және практикалық механизмі болып табылады.

Сөз сөйлеу барысында сондай – ақ «Алматы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өзінің практикалық жұмысында үш негізгі мақсат Бұл тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды жетілдіру, құқықтық білім мен сенімге негізделген халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Брифингке қатысушылардың баяндамаларында «Керемет» орталығында жұмыс істейтін «Адалдық дүкенінің» студенттерге деген оңтайлылығын ерекше атап өтті.

Сөз соңында спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz