Алматыда жемқорлықтан таза ЖОО аталды

27.02.2018

Көрулер: 3968

Алматыда жемқорлықтан таза ЖОО аталды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті оңтүстік астананың жемқорлықтан таза университеттерін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өз басым әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Нархоз университетін жемқорлықтан таза университеттер қатарында деп айта аламын. Мен ол университеттерде болдым және онда қабылданған барлық іс-шаралармен таныстым. Барлық шешімдер автоматтандырылған және коллегиалды органдарға тапсырылған», - деді аймақтық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент жетекшісі Айгүл Байханова. Ол атап өткендей жатақхана бөлуден бастап студенттерді халықаралық оқуға аттандыруға дейін ҚазҰУ-да барлық жұмыстар автоматтандырылған. "Нархозда да дәл осындай жағдай жасалған. Оларда барлық емтихандар көптеген бейнекамералардың бақылауымен өткізіледі",- деді Байханова.

Толығырақ: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazvanyi-samyie-nekorrumpirovannyie-vuzyi-v-almatyi-338691/