Жемқорлыққа қарсы құндылық

29.12.2017

Көрулер: 4320

ҚазҰУ-да «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдау жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жекеменшік кәсіпорындарда жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру және ішкі бақылау» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жеке кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін талдап, саралап, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды және олардың жою жолдарын анықтады.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды.

 

Баспасөз қызметі