ҚазҰУ-да медициналық мекемелердегі сыбайлас жемқорлық талқыланды

17.08.2017

Көрулер: 5410

Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласы денсаулық сақтау, қалалық стационар мекемелерінің басшылары мен арнайы диспансерлер мен орталықтардың, қалалық перзентханалардың және алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем көрсету ұйымдарының басшылары атсалысты.

Шара барысында денсаулық сақтау жүйесіне тән сыбайлас жемқорлықтың түрлері кеңінен талқыланып, сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық, дәрі-дәрмек құралдарын алу жүйесінде жемқорлық және оны болдырмау жолдары жайында сөз болды.