Қоғамдық қабылдау ашылды

30.06.2017

Көрулер: 5216

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Керемет” жастар ресурстық орталығының «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы аясында қоғамдық қабылдау ашылды. 

Кез келген азамат мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін –өзі басқару органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан жемқорлық деректеріне тап болса, сондай – ақ құжаттарды рәсімдеу кезінде лауазымды тұлғалар тарапынан созу фактілерін анықтаса, онда әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қоғамдық қабылдауына» хат жолдауына болады.

Азаматтарда сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттар пайда болған жағдайда және олар қабылдау комиссиясына жолданғанда -  «Қоғамдық бақылау» тарапынан өтініштер қабылданып, қажетті кеңес беріліп,  ақпарат құқық қорғау органдарына жіберіледі. Бұл жолдаудың орындалуына «Қоғамдық бақылау» қызметкерлері жауапты болып, шағымданған әрбір азаматқа қолдау көрсетіледі.

Тек бірлесе отырып, әрі халықтың араласуы арқылы сыбайлас жемқорлық дертінен толықтай арыла аламыз.

Сондай-ақ ақпарат көздері мен оны жіберген азаматтардың аты-жөні құпия түрде сақталынады. Уақыттары тапшы азаматтар арыздарын электронды түрде жөнелте алады. Ол үшін хаттарды жеке қауіпсіздік бөлімшесінің obshestvo_priem@gmail.com.электрондық мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз.

Мекен- жайымыз: Алматы қаласы, әл-Фараби данғылы 71,  ГУК 3, байланыс телефондары: +77078078688, +77074630570, 8(727)221-12-55.