Алматыда білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдері талқыланды
27.06.2018Алматыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жемқорлыққа қарсы жобасы аясында білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерінің картасы талқыланды. Жоғарғы оқу орындары, мектеп, колледж өкілдері «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесіне жиналып, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, білім басқармасының жетекшілерімен білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың амал мүмкіндіктерін қарастырды.