Хикметов Асқар Құсыпбекұлы

 

Хикметов Асқар Құсұпбекұлы

Оқу ісі жөніндегі проректор,

 физика-математика ғылымдарының кандидаты

Тел.: +7 (727) 221-15-73

E-mail: Askar.Khikmetov@kaznu.kz

1979 жылы 6 мамырда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің «Қолданбалы математика» мамандығын бітірді. 2010 жылы «051318-математикалық пішіндеу, есептеу әдісі және программа кешені» мамандығы бойынша «Стратификацияланған ортада турбулентті ағымды модельдеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

Әр жылы математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасында оқытушы, «Есептік және ақпараттық технология» оқу-әдістемелік зертханасында меңгеруші, механика-математика факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап академиялық мәселелер бойынша департаменттің оқу-әдістемелік басқармасына жетекшілік жасады, 2014 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың тамызына шейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер департаментін басқарды. Университеттің білім беру қызметін жаңғырту аясында тәжірибелі білім беру бағдарламаларын, білім беру қызметінің студенттерді орталықтандыру тәсілін көрсету, ағымдағы және қорытынды бақылау мен емтихан сессиясын өткізудің жаңа пішінін оқу үдерісіне енгізуде белсенді түрде атсалысты.

2015 жылдың мауысымында «Leadership Foundation for Higher Education - Professional Development Programme for Higher Education Leaders of Kazakhstan 2015» білім жетілдіру курсынан өтті.

А.Қ.Хикметовтың ғылыми зерттеулері турбуленттік теориясы, математикалық пішіндеу, жоғары өндірісті есептерді, ақпараттық технологиялар мен есептік математиканы шешуге негізделеді.

Хикметов А.Қ. экология есебін шешуде турбуленттікті пішіндеу және ақпараттық технологияны өңдеу мәселелері бойынша 70-тен астам ғылыми жұмыстар мен монографиялардың авторы.

Негізгі және қолданбалы зерттеулер, халықаралық ынтымақтастық пен шаруашылық шарты тақырыптық бағдарламалары бойынша «Математика және механика ҒЗИ» жобасының орындаушысы әрі жетекшісі болып табылады.