Кафедрадағы студенттік ғылыми клубтар

«Мұратану» студенттік үйірмесі – дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының құрамында жұмыс істейді.

Үйірме жетекшісі т.ғ.к., аға оқытушы Т.Н. Мухажанова.

«Мұратану» үйірмесінің мақсаты тарих факультетінің соның ішінде кітапханашы мамандығы студенттері ортасында ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға бейімдеу, ынталандыру және қызықтыру.Сонымен қатар ғылыми жұмыспен айналысуыдың ерекшелігімен таныстыру.

«Мұратану» үйірмесінің міндеті:

-         кітапхана ісі мамандығының студенттерінің арасында ғылыммен айналысуды насихаттау;

-         Зерттеу жұмысы бойынша жұмыс жүргізуде түрлі деректер мен зерттеу еңбектеріндегі ақпараттарды ғылыми жүйеге келтіру, ғылыми талдау және өз ойын еркін тұжырымдауға үйрету.

Пікірталас клубы

«Батыс – Шығыс және тарихтың концептуалдық мәселелері»

«Батыс – Шығыс және тарихтың концептуалдық мәселелері» атты пікірталас клубының мақсаты мен міндеттері – шындықты бейнелеудің айрықша формасы ретіндегі тарихи білімнің теориялық мәселелері бойынша пікріталастар өткізу; қазіргі кездегі әртүрлі оқиғалар мен қоғамдық құбылыстарға дүниетанымдық тұрғыдан қарауды бейнелейтін теориялық-методологиялық, философиялық және көркем әдебиетті бірлесіп талдау; студенттер мен магистранттардың ойында тарихтың сабақтарына өзіндік көзқарас қалыптастыру.

Клубтың ұйымдастыру кеңесі құрамына 6М020300 – Тарих, 6М011400 – Тарих мамандығының 1,2 курс магистранттары кірген.

Клубтың жетекшісі және ғылыми кеңесшісі – т.ғ.д., профессор Г.К. Көкебаева

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы аясында «Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихының өзекті мәселелері» атты студенттік ғылыми клубы ашылды

 

Клубтың жетекшісі - т.ғ.к., доцент Қартабаева Ерке Тамабекқызы

 

Студенттік ғылыми клубтың мақсаты:

- студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығыушылықты ояту, олардың ғылыми ізденістерге қатысу белсенділігінің артуына ықпал ету;

- студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшеліктерімен таныстыру;

Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихының өзекті мәселелері төңірегінде терең ізденістер жасауға баулу;

- Студенттердің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейінің өсуіне, шығармашылық әлеуетінің дамуына ықпал ету

Клубтың міндеттері:    

- Клубтың жұмыс жоспары аясында ежелгі дүние мен орта ғасырлар тарихының өзекті мәселелерін талқылау;  

- деректердің әр түрлі типтерімен кешенді жұмыс жасау, ақпараттарды іздеп табу және жүйелеу   дағдысын, мәдениет ескерткіштері мен өнер шығармаларын талдай білу дағдысын игеру;                                            

- студенттердің деректердің мәтінін талдауға байланысты практикалық дағдысын игеру;

- ғылыми хабарламалар бойынша презентация құрастыру үшін мультимедиялық құралдарды пайдалану;

- студенттерді ҚР БжҒМ және шетел ғылыми орталықтары қалыптастырған студенттік ғылыми бағдарламаларды, жобалар жасауға қатыстыру

· студенттердің жұмысын Университеттің ғылыми зерттеу жұмыстарының басым ғылыми бағыттары бойынша ұйымдастыру;

- студенттердің ғылыми конференциялар, байқаулар, ғылыми семинарлар ұйымдастыруға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

 

«Жас архивист» клубы

     Студент жастардың зияткерлік және тұлғалық қабілетін дамытуда, отансүйгіш, елін құрметтеу қасиеттерін, ұлттық, тарихи санасын қалыптастыруда, туған елінің, жерінің тарихын, дәстүрін оқып-үйренуде, өткенді шынайы фактілерге сүйене отырып түсінуде, жаңғыртуда архив құжаттарын тарихи деректер ретінде зерттеудің маңызы зор. Қазақстан тарихын архив құжаттары негізінде зерттеуге, жастардың архив ісіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жас архивист» клубы 2016 жылы қыркүйекте құрылды. Клубтың мақсаты - архивтану, құжаттану, археография және деректану ғылым салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын қабілетті жастарға бағыт-бағдар беру. Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін әңгімелер, кездесулер, пікір-сайыстар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, конференциялар және т.б. ұйымдастыру және өткізу.

       Клубтың міндеттері:

-          архив қорлары құжаттарымен жұмыс жасауды үйрену;

-          тарихи дерек фактісін талдауды үйрену;

-          құжаттардың құндылығын сараптаудың әдіс-тәсілдерін меңгеру;

-          архив құжаттарын жариялаудың принциптерін игеру;

-          дерек мәтін оқи алу, түсіну және археографиялық өңдеуден өткізуге машықтану;

-          мәліметтер базасын құрастыруға дағдыландыру;

-          электронды архивті қалыптастырудың әдістемесін меңгеру.

       Қызметі - архивтану, құжаттану, археография және деректану ғылым салалары бойынша ғылыми-танымдық ізденістер жүргізу.

       Ұраны: «Білем деп далам менен бабам жайлы, Ізденем, ойға түйем даналығын».

       Болашақ жоспары. Елбасының 2017 жылы 31 қаңтарда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында көрсетілген бес басымдылықтың ішіндегі біріншісі құжаттану саласымен тікелей байланысты. «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу мен қабылдау архивтанушылар, құжаттанушылардың алдына тың міндеттерді жүктейді. Елімізде 30 электронды архивтерді құру міндеті айқындалған. Клуб қағаз нұсқадағы құжаттарды электронды түрге көшіруге байланысты жаңа технологияларды меңгеру, электронды құжат айналымын жетілдіру шараларына араласуды жоспарлайды. Сонымен қатар архивтердің қызметін насихаттауға, көрмелер ұйымдастыру, ғылыми-техникалық құжаттаманы көпшілікке танымал етуге үлес қосуды да жоспарлайды.