Біліктілікті арттыру курстары

Жаппай ашық онлайн курстар құру (ЖАОК) еліміздегі көптеген білім беру саласындағы оқытушыларды қызықтырады. Оларды оқу процесінде қолдану, видеолекцияларды түсіру әдістері, жаңа технологияларды қолдану және басқа да көптеген сұрақтар «Жаппай ашық онлайн курстар: құру, қолдану және өрлету» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында талқыланды.

Курстың негізгі мақсаты – тыңдаушыларды онлайн білім беру индустриясының қазіргі жағдаймен таныстыру, жоспарлауды, өз ЖАОК-тарын құруды, жүргізу мен қайта жүргізуді үйрету.

Тыңдаушылар оқу процесінде:

Онлайн білім беру индустриясымен және ЖАОК-ның негізгі артықшылықтарымен танысты;

-  Тиімді онлайн курстарды құруды және оларды білім берудің әртүрлі формалары мен әдістеріне қолдануды үйренді;

Өз курсының прототипін (модуль) және бір сабақтың материалдарын құрды.

 Біліктілікті арттыру курстары 2018-2019 оқу жылдарында екі рет жүргізілді.

2018 жылдың 22 қазаны мен 5 қарашасы аралығында сұрақтар «Жаппай ашық онлайн курстар: құру, қолдану және өрлету» тақырыбында ҚазҰУ оқытушыларына және сыртқы ҚР ЖОО-ның жұмысшыларына арналған біліктілікті арттыру курстары жүргізілді.

Бұл курсқа ҚазҰУ-нен 22 оқытушы қатысса, басқа ЖОО-нан жеті адам қатысты, олар:

-  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

-  «Тұран» университеті,

-   Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,

-   Рудный индустриалды институты,

-   Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Курсты сәтті аяқтағандардың саны 23, ол дегеніміз жалпы тіркелушілер санының 79,3% құрайды.

Тыңдаушылар open.kaznu.kz сайтында орналасқан «Разработка МООК» курсында онлайн түрде білімін жалғастырды. Оқу нәтижесі бойынша тыңдаушылардың ортшаа балы 68,4 құрады.

Біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған оқытушылармен, 2019-2020 оқу жылының бойында сапалы ЖАОК құру жұмыстарын жалғастырылады.

2019 жылдың 26 ақпаны мен 1 наурызы аралығында біліктілікті арттыру курсы екінші рет өтті. Бұл курста Қазақстанның үш ЖОО-нан бес тыңдаушы қатысты:

-  Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті,

-  Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті,

-  Алматы технологиялық университеті.

Тіркелгендердің барлығы аралас формада өткен курсты:

-  open.kaznu.kz платформасында 24 сағат күндізгі және 48 сағат қашықтықтан.

Оқу нәтижесі бойынша тыңдаушылардың орташа балы 88,5.

Курс аясында Әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары басқармасының басшысы Саксенбаева Ж.С. мен ҚазҰУ-нің алғашқы ЖАОК авторы, Жаңа білім беру технологиялары институтының директоры Мусинова А. А. спикерлерінің берген ақпараты өте пайдалы болды.

Курс нәтижесі ретінде қатысушылардың ЖАОК құру бойынша жеке немесе біріккен жобаларын, және де оны ендіру мен маркетингтік қолдауын айтуға болады.

Курсқа қатысушылардың өздері open.kaznu.kz платформасында жарияланған Жаңа білім беру технологиялары институтының «Разработка МООК» онлайн курсын өтті.

 


Курс тыңдаушыларының пікірлері 

Осы курсты жасаудағы шығармашылық амалдары үшін, және де ыңғайлы да нақты нұсқаулықтары үшін курс құрушыларына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жарайсыңдар! Жасалынған жұмыстың ауқымдылығы бірден көрініп тұр. Сіздерге үлкен рахмет, денсаулық және жаңа белестерге жетуге күш-жігер тілеймін! (Aizhannika)

 

Қайырлы кеш, құрметті курс ұйымдастырушылары және әріптестер – ЖАОК архитекторлары! Барлығымызды біздің оқуымыздың аяқталуымен, жеке бас және кәсіби өсуімен құттықтаймын! Менің ойымша біз өзгердік! Біз өзіміздің біліміміз бен қабілетіміздің адамдарға керек екендігіне көзіміз жетті! Біз әлемде ісімізге берілгендігімізде – адамдарға білім нұрын шашуда жалғыз емеспіз! Курс командасына – біздің ұстаздарымызға ерекше алғысымды білдіргім келеді! Сіздердің ұйымшылдықтарыңыз, кәсіпқойлықтарыңыз, жасампаздықтарыңыз, жайдарылықтарыңыз, IT-әлемдегі керемет білімдеріңіз таңдандырады! Жаңа белестерді көрсеткендеріңіз және ғылым үшін сіздерге үлкен рахмет! Өз курстарымызды құру, тапсырмаларды орындау өте қызық болды. Барлығыңызға керемет адамдар болғандарыңыз үшін рахмет! (GaliyaKhamzyeevna)

 

Құрметпен, ЖББТИ командасы.