Қабылдау ережелері

Қажетті құжаттар тізімі:

 

  1. Жеке куәліктің көшірмесі-2 дана
  2. Дипломның түпнұсқасы
  3. 3х4 фото-6 дана
  4. Медициналық анықтама 086У форма

 

Студенттерді ЖОО-ға қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді, мекен-жайымыз  Алматы қаласы,  әл-Фараби д. 71, Студенттер сарайы,  қабылдау комиссиясы  (ыңғайлы жол – Тимирязев көшесі, бұр. Есентай өзені).

Телефон номері : +7 727 221-10-00, +7 727 221-10-10.

 

Қабылдау шарттары

  • Екінші жоғары білім алушыларға  сұхбаттасу өткізіледі;
  • Колледжден кейінгі білім алушылар комплексті тестілеуден өтеді;

 

Студент қашықтықтан оқыту технологияларын қолданып оқу үшін

  • ҚОТ пайдаланып оқуға өтініш беруі қажет;
  • Бағдарлау апталығы кезінде (оқу жылының басында) міндетті түрде http://dl.kaznu.kz/  қашықтықтан оқыту жүйесімен (ҚОЖ)  жұмыс істеу  тренингісінен өтіп,  пайдаланушының  сауалнамасын толтырып,  ағымдағы оқу жылындағы жеке оқу кестесі мен жеке оқу жоспарына қол кою қажет;
  • Қашықтықтан оқыту  жүйесіне қол жеткізу деректерін алып,  пайдаланушының  сауалнамасында көрсетілген ақпараттық байланыстарды растайды  (электронды почта мекенжайы және байланыс телефон нөмерлері) ;
  • Бекітілген академиялық күнтізбе мен  жеке оқу кестесіне  сәйкес  жеке оқу жоспарын орындайды;
  • Теориялық оқуды аяқтағаннан сон белгіленген күні емтихан сессиясын тапсыру үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не келіп, емтиханды  күндізгі жазбаша түрде өткізеді.