Іс-шаралар күнтізбесі

«Ұлы даланың алтын жәдігері»

19.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қозыбакова Фатима Ақынбаевнаның жетекшілігімен филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері(102топ) "Ұлы даланың алтын жәдігерлері"атты онлайн конференция өткізген болатын! Бұл конференция тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры"атты мақаласы негізінде бастау алды!

Елімізді әлемге әйгілейтін АЛТЫН АДАМ жайлы түрлі ақпараттар айтылып қана қоймай, Индонезия, Прага,ҚХР елдерінің студенттері бізді онлайн түрде тамашалады!

Оларға еліміздің керемет жетістіктері мен ұлттық тағамдарын таныстырдық.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан әлемдік қауымдастықта»

17.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясының 1топ, 1-курс студенттерінің А. Ф. Қозыбакованың  жетекшілігімен "Қазақстан әлемдік қауымдастықта" атты HD форматындағы онлайн-конференция өтті. Конференция барысында студенттер Қарға тамырлы қазақ елінің дүниежүзілік ұйымдарға өзін мойындата білгені туралы сөз қозғап ,аса шеберлікпен көрсете білді. Дүниежүзілік аренадағы Қазақстанның рөлін Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы жетістіктерін айқындап,ұйымдарды мойындата білген Қазақстанымызды жоғарғы деңгейде көрсетті. Сонымен қатар,Малайзия.АҚШ,Түркия,Канадада оқып жатқан шетел студенттеріне Қазақстан жайлы ақпарат бере отырып,керемет онлайн-конференцияның нағыз үлгісін көрсете білді.Шетел студенттері өз кезегінде ыстық лебіздерін білдіріп ,студенттер мен Фатима апайымыздың конференция өткізудегі шеберліктерін жоғары деңгейде бағалап,оларды өз қалаларына қонақ болуға шақырды,жаңа ақпаратпен танысқанына Фатима апаймыз бен студенттерге ерекше алғысын білдірді. 

Ары қарай оқу >>

«Түркі мемлекетінің шығу тарихы»

17.04.2019

Тарих, археология және этнология ғылымдарының кандидаты, профессоры Фатима Ақынбайқызының және Филология және әлем тілдері факультеті «шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары аясында  "Түркі мемлекетінің шығу тарихы"арналған тарихи-танымдық ғылыми-конференция ұйымдастырылды

Ары қарай оқу >>

Ұлы Даланың ұлы есімдері

17.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінің филология және әлем тілдері факультеті,  Екі шет тілі мамандығының 1 курс студенттері т.ғ.к, профессор Қозыбакова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен 103 топтың студенттерінің ұйымдастыруымен "Руxани жаңғыру'' және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламаларының аясында  өткен " Ұлы даланың ұлы есімдері

Ары қарай оқу >>

"Ұлы даланың ежелгі металлургиясы "

17.04.2019

Елбасымыз жариялаған "Ұлы даланың жеті қыры" аясында филология және әлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 101 топ студенттері А.Ф.Қозыбақованың жетекшілігімен "Ұлы даланың ежелгі металлургиясы " тақырыбында ғылыми-онлайн конференция өткізді. Басты мақсатымыз қазақ даласындағы ұлы байлықтарымызды дәріптеп, тариxымызға тереңінен шолу жасау. Жалпы металлургияның ежелгі даласы бұл әрине қазақ даласы. Еліміздің қаншама байлық көздерінен миллиондаған металл кеніштері алынып, пайдамызға жарап, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жасалуда. Қаншама мемлекеттерге тасымалданып, шикізат көзі ретінде қолданылуда.Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.Металл қорлары жинақталған қазақ жерінде шетелдіктердің қызығушылығы артып, зерттеу жұмыстарын жүргізу назарларында жүр.Бұл конференция бізге көп нәрсені ғылыми тұрғыдан қарауға жол ашты.Ғылымға қадам басып, көп нәрсеге біршама үйретті.

Ары қарай оқу >>

«Өркениет өзегі-аң стилі»

17.04.2019

Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология және әлем тілдері факультетінің ҚТӘ -104 тобының ұйымдастыруы, тарих ғылымдарының кондидаты, профессор Қозыбақова Ф.А жетекшілігімен тарих, археология және этнология факультеті Ғаббас Жұматов атындағы 426 –дәрісханада «Өркениет өзегі – аң стилі» тақырыбында ғылыми онлайн-конференция болып өтті. Конференция тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 –қарашасында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізінде, өткен ғасыр тарихын парақтап, аң стилі мәдениетінің өткені мен бүгіні, келешегі жайлы терең толғаныстар мен ізденістер аясында өткізілді. Конференциямыздың басты ерекшелігі шет елдік азаматтарға рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатымен АҚШ- тың Луизиана штаты, Луизиана мемлекеттік университетінің студенттерімен тікелей байланысқа шығып, аң стилі жайында мәліметтер беріп, Қазақстан аумағындағы аң стилінің көрнекті орындары, музейлер, қорымдар, алтын адам сияқты ұлттық байлықтарымызбен таныстырдық. Жиын соңында екі ел студенттері өзара кері байланыс жасап, сұрақ-жауап алысты. Ғылыми конференциямыз тарих ғылымдарының докторы Ә.Н.Ноянұлының қорытынды сөзімен өз мәресіне жетті. Сайын даланың самғау шыңына жетуі – ғасырлар бойғы байлығымыз бен мұрамыз, мәдениетіміздің төл бесігі – аң стилін дәріптеуден басталады. Ұлттық құндылықтарымыздың мәртебесін өсіретін де, өшіретін де – бізбіз

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ-ДА ҒАББАС ЖҰМАТОВ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

16.04.2019

2019 жылдың 16 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих, археология және этнология факультетінде Ғаббас Жұматұлы Жұматовтың атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің құрметті ардагер-оқытушылары т.ғ.к., профессор У.Х. Шалекенов, т.ғ.д., профессор А.Қ. Құсайынов, т.ғ.д., профессор Т.Қ. Қаратаев, т.ғ.д., профессор С.М. Мәшімбаев, т.ғ.д., профессор Қ.Т. Жұмағұлов, т.ғ.д., профессор М.В. Пузиков, Алматы қаласы, Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Б. Біржанов, соғыс ардагері Т.А. Максимова, тарих, археология және этнология факультетінің деканы М.С.Ноғайбаева, Қазақстан кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Б.Б.Карибаев және факультеттің оқытушы-професорлары қатысты.

Жиын барысында студенттер тарапынан ұйымдастырылған Отты жылдар уақытына арналған көрініс көрсетіліп, кітап көрмесі мен фото-сурет көрмесі ұйымдастырылды. Аудиторияны ресми түрде ашу мәртебесін Алматы қаласы, Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит Біржанұлы мен соғыс ардагері Тамара Александровна Максимоваға табысталды. Салтанатты түрде ашылған оқу аудиториясын тарих, археология және этнология факультетінің деканы М.С.Ноғайбаева таныстырып өтті.

Қазақ Ұлттық университетінің құрметті профессоры, тарих ғылымдарының докторы У.Х. Шалекенов, Ғаббас Жұматовтың ұлт руханияты  мен ғылымына  сіңірген еңбектері   туралы жүрекжарды сөздерін, естеліктерін айтып, алдағы уақытта жасалар істерге сәттілік тіледі. Ал, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы,. Профессор А.Қ. Құсайынов: «Дәрия кеуде тау мүсін» Ғаббас Жұматұлының ғасырға жуық ғұмыры тек қана еліміздің игілігі, болашақ ұрпақтың бақытына арналып келген екен. Кешегі бейнетті өмірдің зейнетін көретін шақта да ол өзін туған халқының қызметіне әлі де болса жараймын деп есептеді», - деп ойымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

«Ұлы дала төсіндегі арғымақтар»

15.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің филология және әлем тілдері факультеті, Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері , 105 топ т.ғ.к, профессор Қозыбакова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен ұйымдастырылған "Руxани жаңғыру'' және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламаларының аясында  "Ұлы дала төсіндегі арғымақтар" атты ғылыми онлайн конференция өткізілді.

Ары қарай оқу >>