Іс-шаралар күнтізбесі
Қазақстан тарихы кафедрасы профессоры, т.ғ.д. Болат Сайлан Санабайұлы Алматы қаласында жастар арасында спорт сайысын ұйымдастырды
12.07.201912.-14.07.2019 Қазақстан тарихы кафедрасы профессоры, т.ғ.д. Болат Сайлан Санабайұлы Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің спорт залында Ауған соғысының батыры Сергей Заколодяжныйдың рухына арналған жастар арасында спорт сайысын өткізді.
«GREEN CAMPUS» – ДОСТЫҚТЫҢ ЖАҢА СИМВОЛЫ
22.04.2019Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында университеттің игі бастамаларының бірі, «ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында тарих, археология және этнология факультетінің 1 курс студенттері мен оқытушылары кампус айналасында көгаландыру жұмыстарын жүргізді.
Хаджеттепе университетінің (Туркия, Анкара қаласы) қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Atatürk İlkeleri ve İnkılap Tarihi» институты директорының орынбасары, танымал тарихшы, Евразия тарихы мен өркениеті тарихының білікті маманы Сейфы Йылдырыммен бірлесе атқарған жұмыс болды. Тарихшы ғалымның әуесқойлық ісі жастар тарапына өте қызықты әрі пайдалы болып, ҚазҰУ қалашығының №3 кампусын көгаландыру жұмыстарына Сейфы Йылдырым өзімен бірге Түркиядан алып келген гүл түптері мен тұқымдарын отырғызды. «Айнала жанданып, бүкіл қоршаған орта өсімдіктері жаңа кейіпке енетін мезгіл, бүкіл табиғат мезгілдерінен ең кереметі көктем деп айтсақ қателеспейміз. Гүл отырғызу мәдениетін үйрену қажет, ол ең алдымен өзіңнің жеріңе көрсетілген құрмет пен өзіңе сыйлаған көңіл-күй», - деп студенттерге жылы лебізін білдірді. Ал, студенттер болса өз алдына, жаңадан пайда болған достықтың ерекше символына айналған жаңа гүлзарға ерекше ықыласпен қарайтындықтарын жеткізді.
«Ұлы Жібек Жолы ізімен»
19.04.2019Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология және әлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс, 3-топ студенттерінің А. Ф. Қозыбақованың жетекшілігімен «Ұлы Жібек Жолы ізімен»атты HD форматындағы онлайн-конференция өтті. Конференция барысында студенттер Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстандағы қалаларға сапар шегіп, сол заман мәдениетімен танысып қайтты. Шетел азаматтарына дүниежүзілік аренадағы Қазақстанның рөлін тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы жетістіктерін айқындап,ұйымдарды мойындата білген Қазақстанымызды жоғарғы деңгейде көрсетті. Сонымен қатар, Кореяда оқып жатқан шетел студенттеріне Қазақстан жайлы ақпарат бере отырып, керемет онлайн-конференцияның нағыз үлгісін көрсете білді. Шетел студенттері өз кезегінде ыстық лебіздерін, Қазақстанға деген ерекше қызығушылықтарын білдіріп, студенттер мен Фатима апайымыздың конференция өткізудегі шеберліктерін жоғары деңгейде бағалап, Корея Республикасының терең тарихынан сыр шертіп, өздерінің университеттері жайлы мәліметтер келтіре кетті. Жаңа ақпаратпен танысқанына, онлайн-конференцияға шақырғанына Фатима апайымыз бен студенттерге, ҚТӘ-103-топқа ерекше алғыстарын білдірді.
«Алтын Орда. Тарих, діл, экономика»
19.04.2019Тарих, археология және этнология факультетінде «Алтын Орда. Тарих, діл, экономика» атты тарихи-танымдық кездесу шарасы өтті.
Дәрісті бизнес-тренер, тарихшы, зерттеуші А.А. Нұрмашев, «Рухани жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры»мақаласы аясында «Алтын Орда. Тарих, діл, экономика» атты тақырыпта Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің бірінші курс докторнаттары, магистранттары мен студенттері, филология және әлем тілдері факультетінің студенттері, сондай-ақ НАРХОЗ Университеті мен Каспий Университетінің докторанттарымен бірлесе отырып өкізді.
Дәріс барысында тарихи зерттеулердегі дәйектіліктің маңыздылығы туралы пікірталастар өткізілді, мысалы, Алтын Орданың тарихы мен этика, экономика мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Алтын Орданың қалыптасу тарихы және онымен байланысты этикалық және экономикалық фактілерге арналды.