Іс-шаралар күнтізбесі

«Теңге тәуелсіздік кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

09.11.2023

09.11.2023 күні сағат 14.00 -де -122 аудиторияда «Теңге тәуелсіздік кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.  Іс-шараға тарих және география мамандығының 2 курс магистранттары, ақпараттық технология факультетінің 1 курс студенттері және кафедраның профессор оқытушылары қатысты. Ашық тәрбие сағаты барысында   магистранттар мен студенттер төл теңгеміздің тарихына байланысты жасалған баяндаманы тыңдап, теңге тарихына байланысты түзілген викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс шараны ұйымдастырушы Қозғамбаева Г.Б.

Ары қарай оқу >>

«Тәуелсіз елдің жастары» атты тәрбие сағаты өтті

23.10.2023

25 -қазан Республика күніне орай  23.10.23 жылы сағат 17.00 -де тарих және география  2 курс магистранттары және 1 курс ақпараттық жүйелер мамандығының студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіз елдің жастары» деген тақырыпта тәрбие сағаты өтті. Ұйымдастырушы 7М01602 тобының эдвайзер -кураторы Қозғамбаева Г.Б.

Ары қарай оқу >>

Гарвард университетімен байланыс орнату

13.04.2023

 Сәуір айының он үшінші жұлдызы күні Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс тарих-география мамандығының магистранттары эдвайзер Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы және Арынов Жұмахан ағайдың ұйымдастыруымен АҚШ-тың Бостон университетінің докторанты Диас Жорабеков мырзамен zoom форматында «Гарвард университетімен байланыс орнату» тақырыбында кездесу жиынын өткізілді. Кездесу барысында магистранттар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, т.ғ.д, профессор, белгілі тарихшы – Ханкелді Махмұтұлы Әбжановтың 70 жылдығы қарсаңына орай «Ұстаз сөзі» атты көшбасшылық дәріс

07.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті  Қазақстан тарихы кафедрасы 2023 жылы 7 сәуір күні, Ғылым күніне орай, Тарих факультетінің түлегі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, т.ғ.д, профессор, белгілі тарихшы – Ханкелді Махмұтұлы Әбжановтың  70 жылдығы қарсаңына орай «Ұстаз сөзі» атты көшбасшылық дәрісі өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Тарих-география мамандығының 1- курс магистранттары куратор эдвайзер Қозғамбаева Г. Б. және Джолдыбаева У.М. бірге 4-сәуір күні Амангелді Имановтың туғанына – 150 жылдығына орай факультет көлемінде дөңгелек стол өткізді

04.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің Қазақстан тарих кафедрасының Тарих-география мамандығының 1- курс магистранттары куратор эдвайзер Қозғамбаева Г. Б. және Джолдыбаева У.М. бірге 4-сәуір күні Амангелді Имановтың туғанына – 150ж.орай факультет көлемінде дөңгелек стол өткізді.

Ары қарай оқу >>

3-сәуір күні Рухани жаңғыру аясында «Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді

03.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің Қазақстан тарих кафедрасының Тарих-география мамандығының 1- курс магистранттары куратор эдвайзер Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызымен бірге 3-сәуір күні Рухани жаңғыру аясында «Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметі» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

«Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» «300 жыл» атты университеттік шара өткізілді

03.04.2023

2023 жылдың сәуір айының 3-інші жұлдызында Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Қозыбақова Фатима Ақынбайқызының «Филология» топтарының ұйымдастыруымен «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» «300 жыл» атты университеттік шара өткізілді. 

Ары қарай оқу >>

1-курс магистранттары куратор эдвайзер Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызымен бірге 1-сәуір күні М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында «Қожанасыр тірі екен» атты спектакльін тамашалады

01.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің Қазақстан тарих кафедрасының Тарих-география мамандығының 1-курс магистранттары куратор эдвайзер Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызымен бірге 1-сәуір күні М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында «Қожанасыр тірі екен» атты спектакльін тамашалады.

Ары қарай оқу >>

Магистранттарға арналған сыныптан тыс іс-шара

25.03.2023

25.03.2023 сенбі күні педагогикалық практика аясында Орталық мемлекеттік мұражайда 3 курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағындағы ең көне және ең ірі мұражайлардың бірі болып табылады. Мұнда қор жинақтарында 300 мыңға жуық сақтау бірлігі бар. Палеонтология және археология залын, тарихи этнография залын, «диаспора мәдениеті» залын, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан», «Қазіргі Қазақстан» залын тамашалай алдық. Осылайша біз қазақ халқының материалдық мәдениетімен танысуға, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетінің ерекшеліктеріне бойлауға, үйсіндердің қолданбалы өнер туындысын өз көзімізбен көруге мүмкіндік алдық-Қарғалы диадемасы.

Ары қарай оқу >>