Алматы қаласы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика және математика факультетінде Көктемдік туры 37-ші Қалалар турнирінің базалық нұсқасы өткізілді

28.02.2016

Көрулер: 4624

Қалалар турнирі халықаралық олимпиадасы 1980 жылдан бастап әр жыл сайын математика пәнінен мектеп окушыларына өткізіледі, тапсырма 8-11 сынып балаларына арналған. Турнирдін ерекшілігі – ол спортық жетістікке жету емес, ол терең оймен тапсырмаларды іздеу мақсатында зерттеу жұмыстарын істеуге байланысты. Алматы Қалалар турнирдің ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті, Алматы қаласы №8 оқушылар үйі және «Әл -Фараби» олимпиадаға дайындық орталығы. Турнирді «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша іске асыру өтуінде, сондай-ақ дарынды оқушылардың кәсіби бағдар орын алады.
Олимпиада ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің Үлкен залында және Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Олимпиада уакытымен басталды, қатысуы тегін болды, оқушылар 5 сағат олимпиаданы орындады.
Қазылар алқасымен ұйымдастыру комитет мүшелері: А.У. Абдибеков -PhD, декан орынбасары, А.М. Кунгожин А. М. - PhD, Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценттің м. а., А.А. Исахов - PhD, іргелі математика кафедрасының аға оқытушысы және механика-математика факультетінің ғылыми студенттерінің қоғамының ерен-еңбектерінің арқасында Көктемдік туры 37-ші Қалалар турнирінің базалық нұсқасы жоғары деңгейде өтті.
Олимпиадаға Алматы қаласынан 263 окушысы қатысты. Жақсы көрсеткішке қол жеткізгендер: РФМШ, ФМБ НЗМ, №165, 134 лицей, ТЭФМШ оқушылары. Келесі Көктемдік туры 37-ші Қалалар турнирінің Күрделі нұсқасы 2016 жылы наурыз айынын 13-де өткізіледі. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!