Кабидолданова Асем Алтаевнаны «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуімен құттықтаймыз!

10.09.2021

Көрулер: 186

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 500 стипендия «Ғалымдар» стипендиясының жаңа санаты бойынша тағайындалды. Бұл категория Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жыл сайын 500 ғалымға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мақсатында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссиямен бекітілген.

Кабидолданова Асем Алтаевна шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның үшкезеңді іріктеуінен өтіп, Гумбольдт университетінен (Берлин, Германия) профессор Andreas Griewank-пен бірге жұмыс жасауға шақырту алды.

Бірлескен зерттеудің мақсаты - машиналық оқытуды жіктеу мәселелерін шешудің жоғары ретті оңтайландыру әдістерін жасау.

Практиканың ұзақтығы - 1 жыл.

Тағы да құттықтаймыз! Шығармашылық және ғылыми табыс тілейміз!