5-қараша күні Механика - математика факультеті мен "әл-Фараби" олимпиадаға дайындау орталығының ұйымдастыруымен 7-12 сынып оқушылары арасында геометриядан Халықаралық VIII Иран олимпиадасы өткізілді.

09.11.2021

Көрулер: 1675

 

 

 
   

 

5-қараша күні Механика - математика факультеті мен "әл-Фараби" олимпиадаға дайындау орталығының ұйымдастыруымен 7-12 сынып оқушылары арасында геометриядан Халықаралық VIII Иран олимпиадасы өткізілді. Биылғы жылы олимпиадаға 551 оқушы қатысуға ниет білдірген. Бір уақытта олимпиада Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар және Алматы қалаларында басталды.
Олимпиада 3 деңгей (лига) бойынша өткізіледі:
1 –деңгей: 7-8 сынып оқушылары;
2–деңгей: 9-10 сынып оқушылары;
3 –деңгей: 11-12 сынып оқушылары.
Иран олимпиадасы 2014 жылдан бері өткізіледі және 2015 жылдан бастап Халықаралық болып табылады. Аталған олимпиаданы Қазақстанда өткізу "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен келісілді. Жаһандағы эпидемиологиялық жағдайларға қарамастан Иран олимпиадасына былтырғы жылы 48 мемлекет қатысқан.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!